Қостанайда «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған тұрғын үйдің тұрғындары сапасыз пәтерлерге шағымданды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, kstnews.kz-ке сілтеме жасап.
2022 жылы үйлерге берілетін кепілдік аяқталуға жақын. Ал құрылыс салушы «Вахстрой» ЖШС әлі де жөндеу жұмыстарын жүргізбеген.
№6 үйдің тұрғыны Виктория Иванова пәтер жалдаушылар бұл мәселені екінші жыл көтеріп келе жатқанын айтты. Олар әкімдікке хат та жазған, тұрғын үй қатынастары бөлімімен, құрылыс салушымен де кездескен.


№15 үйдің тұрғындары «үйдің сапасы сын көтермейді» дейді.