Tag Archives: Әңгіме

Төлен ӘБДІК. Қонақтар

Әңгіме Курорттан қайтып бара жатқан сапарларында жолай үйге соқпақ болған балаларын күтіп, Ерғабыл шал түн ортасы ауғанда жатса да, ертеңіне күн шықпай оянды. Алагеуімде үндемей жүріп киініп алды. Мәсісін де, шұлғауын да ешкімнен сұраған жоқ. Кенет әжептәуір қатқыл дауыспен: — Әй, шақшам қайда? — деді ұйқылы-ояу жатқан кемпіріне. — Кемпір естіді ме, естімеді ме — міз бақпады. Ерғабыл оның үстіне ...

Толығырақ »

Жұмат ӘНЕСҰЛЫ. Қаратаудың қара бекетіндегі қыс

(әңгіме) Бұл – 1917 жылдан кейін болған оқиға. Қаратаудың солтүстігіндегі Бетпақдаланың арғы бетіндегі көтерілістің у-шуы басылып, қызыл мен ақтың әскері Бетпақдаланы әлі ойқастап жүрген кез. Қаратаудағы қара бекет қыстың қиын кезінде, адасқан не тоңған жолаушы  жылынып, есін жинайтын бекет еді. Осы бекетте елмен бірге көше алмай, елуден асқан әйел мен жасы он тоғызға толған қызы Қарғаш амалсыз осы Қара бекетті ...

Толығырақ »

Қымбат картина немесе балақайдың арманы

– Мәссаған, мына картинаны кім салған, ей? – дей бергенімде, асүйде жүрген бажам баж ете қалды: – Ойбай, жолама! Тиіспе ол суреттерге! – Әй, неге сонша ойбайлайсың?! Атақты Пикассоның суретіндей-ақ, о несі-ей?! – дедім бажамның айғай салғанын жақтырмай. – Бұл не, шынымен қымбат картиналар ма? – Қымбат! Қымбат болғанда да қымбат… Оның несін сұрайсың?! Қабырғадағы бұл суреттердің бәрі «хозяйндыкі» ғой. ...

Толығырақ »

«Биленбеген вальс»: жаныңа жылулық сыйлайды

Əскери жазушыдан кейін прозаға қалам тербеген тағы бір Бауыржанның жинағымен таныстық. Жуырда. 150 беттік шағын жинаққа қаламгердің бірнеше әңгіме, новелласымен қатар мысалдары да еніпті. Өзіміз ұнатып оқитын жасөспірімдер тақырыбы. Автор кітабына бір әңгімесінің атауын қойған екен – «Биленбеген вальс». Әуелі «Қысқы орман» деген қысқа әңгімесін демде оқып шығып едік, іле «Жазда жауған бұршақ» новелласына бас қойып кетіппіз. Бұдан ары «Шортан», ...

Толығырақ »

«ӘУЛИЕ» ІЗДЕП ӘУРЕ ДЕСЕДІ…

Сыбайластықты сылып тастау департаменті Ұсақ жемқорларды іріктеу басқармасының Қолма-қол ақшамен пара берушілерден түсінік алу бөлімінің Ұлттық валютамен тұтылғандарды жауапқа тартумен айналысатын сала бас маманының орынбасары Адал Жүрекұлы Байғұсов бір-ақ күнде елді алатайдай бүлдіріп, әбігерге салып қойды. Әп-әдемі абыройы бар басшыларды әуреге салған “әдірем қалмағыр” идея Адал Жүрекұлының қауға басына қаңғалақтап аяқ астынан орала кеткен еді. Департаменттің акт залындағы кезекті жиналыстың ...

Толығырақ »

Төлен ӘБДІКҰЛЫ. КӨРШІ

(әңгіме) Пойызға отырарда әдетте адам­ның көңiлiнде «купеде қасыма қан­дай адам тап болар екен» деген бiр күмәндi қызығушылық тұрады. Жас­тау бiреу болса, әдемi қыз-ке­лiншектiң болғанын, ересектеулерi – әңгiмелесетiн зиялы кiсiнiң бол­ға­нын, ал қарт адам болса, тыныш­тық үшiн тiптi ешкiмнiң болмаға­нын тiлер едi. Ал менде бұл жолы бәлендей ба­­сы ашық тiлек болған жоқ. Тек мас­күнем бiреу болып, мазамды алып жүрмесе екен деп ...

Толығырақ »

Қара шелек

(әңгіме) Әңгіме қара шелектен басталды. Айшаның атасының басындай сақтап жүрген шелегі ғой. Үшінші жыл болып барады, Айша шелексіз қалып, шелек сұраймын деп абысын-ажынға жексұрын көрініп, ақырында Бірмағамбетті бүріп, Кәстенкенің дүкенінен алдырған шелек еді. – Шелек-шелек деп ішкен асымды кере ғып болып едің, сенен қорыққаннан темекі алатын ақшама шелек алдым, — деп Бірмағамбет Айшаның қолына шелекті ұстатқанда бұлдап нығыздап ұстатқан. Бірмағамбет ...

Толығырақ »