18.01.2017

Теңге нығая бастады

KASE қор биржасының таңғы саудасы бойынша қорытындысында ұлттық валюта долларына 330,52 теңгеге нығайды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске салайық, осыған дейінгі сессияда ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 332,33 теңгеге тең еді. 18 қаңтардағы таңғы сауданың бірінші келісімі 331,5 теңгемен басталды. Бұл максималдық құны болып бекітілді. Минималдық құны — 330 теңге. Сауданың жалпы көлемі 54,5 миллион долларға жетті. Kurs.kz мәліметінше, айырбас пункттерінде ...

Толығырақ »

Мәжілістің биылғы бірінші жалпы отырысы өтуде

Парламент Мәжілісінің спикері Нұрлан Нығматулин палатаның 2017 жылдағы бірінші отырысын ашты. Ол бұл жиын осы жылдағы бірінші отырыс екенін, сапалы заңмен қамту жолында атқарылар жұмыстың көп екенін айтты деп хабарлайды egemen.kz. Ол биылғы бірінші отырыста депутаттардың жергілікті өзіндік басқаруды дамыту мәселелері бойынша заң жобасын бірінші оқылымда қарайтынын хабарлады. «Алдағы уақытта денсаулық сақтау және әлеуметтік-еңбек саласындағы мәселелер бойынша заң жобасын қараймыз. ...

Толығырақ »

Қазақстанда құрастырылған көліктерге сұраныс артады

Өткен жылы көлік саудасын қыздырып, мол пайдаға кенелеміз деген отандық автодиллерлердің үміті ақталмады. Өйткені, жаңа көлікке деген сұраныс екі есе төмендеген деп хабарлайды baq.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. Былтыр өз елімізде шығарылған 47 мың темір тұлпар саудаланыпты. Өткен жылғы жұмысын қорытындылаған Қазақстан автобизнес қауымдастығының өкілдері алдағы бағыт-бағдарын айқындады. Өткен жылы елімізде Қиыр Шығыс пен Батыс Еуропа елдерінде шығарылған көлікке деген сұраныс ...

Толығырақ »

Андре Розье, бапкер: Головкин күл-талқан болады

Бапкер Андре Розье Boxing News 24 порталына берген сұхбатында Дэниэл Джейкобс қазақстандық Геннадий Головкиннің қорғанысын күл-талқан ететінін айтты деп хабарлайды Vesti.kz. «Дэнни бұл жекпе-жекке дайын. Оның соққыларынан нокаутқа түспей қалған үш адам ғана бар. Дэнни өте жылдам панчер, егер Головкин рингте жүгіріп жүріп соққыларына жауап алмаймын деп ойласа, қатты қателеседі. Жекпе-жек басталмай жатып аяқталуы мүмкін. Дэнни алты жылдан бері қатты өзгерді. Пирогпен жұдырықтасқан кезде ...

Толығырақ »

Иран Астанада өтетін келіссөздерге АҚШ-тың қатысуына қарсы шықты

Иранның Cыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Сириядағы жағдайды реттеуге бағытталған Астанадағы басқосуға АҚШ делегациясының қатысуына қарсы шықты деп хабарлайды Lenta.ru Tasnim агенттігіне сілтеме жасап. «Біз оларды шақырған жоқпыз» деді М.Джавад. Мұның алдында Мәскеу Қазақстан астанасына БҰҰ өкілдері мен АҚШ-тың жаңа әкімшілігін шақыруды жөн көретінін мәлімдеген еді. «Жаңа басшылық бұл шақыртуды қабыл алып, кез келген деңгейдегі сарапшыларын жібере алады» деген болатын Ресейдің Сыртқы ...

Толығырақ »