06.01.2017

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 2017 жылдың 7-9 қаңтарына арналған ауа райы болжамын жария етті. Бұл туралы tobyl-torgai.kz тілшісі «Қазгидромет» РМК өкілдеріне сілтеме жасап хабарлайды. Мамандардың айтуларынша, тропосферада (шамамен 5 шақырым биіктікте) орныққан оңтүстік-батыс ағынымен Қазақстанға Жерорта теңізінен жылу мен ылғалға бай ауа массасы келіп түсуде. Бақыланып отырған ауа температурасы — климаттық нормадан 8-15 градусқа жоғары. Жексенбі күндері де желдің бағыты өзгермейді, бұл температураның нормадан ...

Толығырақ »

Қазақстан футболына ресейлік төрешілер шақырылуы мүмкін бе?

Қазақстан футбол федерациясының Төрелік ету және қадағалау департаментінің директоры Николай Левников Қазақстанның премьер-лигасы аясындағы матчтарға ресейлік төрешілерді шақырудың қисындылығына қатысты пікір айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Ресейлік арбитрлер ресейлік жарыстарға төрелік етсін, ал біз өзіміздің мамандардың білігін арттырып, ең жауапты матчтарда қызмет етуге жол ашамыз, меніңше, бұдан еш мәселе болмайды», — деді ҚФФ-нің бас төрешісі. «Менде Ресей футбол одағының басшылығымен Кедендік ...

Толығырақ »

Министрлік тұрғылықты жер бойынша уақытша тіркеуге қатысты сұрақтарға жауап берді

Тіркеуден басқа қалаға көшкенде ғана емес, бір елді мекеннен басқасына көшкен уақытта да өту керек. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметі Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында хабарлады. Таяуда елімізде тұрғылықты жерде тіркеуді міндеттейтін түзетулері бар заң күшіне енген болатын. Осыған байланысты бірқатар сұрақ туындады. Түзетулердің бір бөлігі пәтер иесін тұрып жатқан адамдарды онда тіркеуге міндеттейді, егер тіркемесе, әкімшілік айыппұл салынады. ...

Толығырақ »

Елімізде электронды үй кітапшасы енгізіледі

Қазіргі уақытта бірде-бір мемлекеттік орган тұрғын үйге қанша адамның тіркелгендігі туралы ақпаратты нақты бере алмайды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасап. Бұл олқылықтың орын алғанына бірнеше жыл болған. Тек қазіргі уақытта уақытша тіркеуге тұру міндетті болғаннан кейін ғана бұл проблема көтеріліп отыр. Мәселен, бүгінде Астана тұрғындары әлеуметтік желілер арқылы бір-бірінен пәтерге қанша адам тіркелгендігін анықтау үшін қайда жүгіну қажеттігін ...

Толығырақ »

ҚР Үкіметі жанындағы терминком 4642 терминді бекітті

Қазақстан Үкіметі жанындағы Республикалық терминология комиссиясы 2015-2016 жылдары 4642 терминді бекітті. Бұл туралы ҚазАқпараттың ресми сауалына орай ҚР Мәдениет және спорт министрлігінен хабарлады. Ведомство ақпаратына қарағанда, комиссия бекіткен терминдер   Googletrаnslate, Soyle.kz сынды электронды аударма қызметтері мен электронды сөздіктерге беріледі. Сондай-ақ бекітілген барлық терминдер termincom.kz сайтында және баспа БАҚ-тарда жарияланып, жұмыс барысында пайдалану үшін мемлекеттік органдарға жіберіледі. Айта кетерлігі, Республикалық терминология ...

Толығырақ »