16.01.2017

Мәскеуліктер қазақтың саумалына қызығып жүр

Бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында Еуразиялық экономикалық аймағы кәсіпкерлер одағының Қазақстандағы өкілі Мария Анарбаева Мәскеуде орналасқан қазақстандық павильонның саудасы жайында айтып берді деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Әзірше, Мәскеудегі Қазақстан павильонында, көбінесе ірі тауар өндірушілердің өнімдері сатылады. Әлбетте, оған шағын және орта бизнестің де атсалысқаны дұрыс. Бүгінде ол жерде ұн мен ұн өнімдеріне деген сұраныс жоғары болып тұр. «Саумал» атты өнімді ...

Толығырақ »

Қостанайда есірткі мафиясымен байланыста болған полицей 5 жылға сотталды

Қостанай қалалық ІІБ криминалдық полициясы Оңтүстік бөлімінің жедел өкілі Жарас Байтұрсынов есірткі мафиясымен байланыста болғаны үшін бес жылға бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды tengrinews.kz «Костанайский новости» газетіне сілтеме жасап. Басылымның мәліметінше, полицей 2011-2012 жылдар аралығында қылмыстық топ құрғандардан ақша мен есірткі алып отырған. Істе жалпы 16 эпизод бар. Адвокаттар сотталушыны тәжірибесіз болды деп, басшылығының қатысы барын дәлелдегісі келген. Жазаны жеңілдету үшін ...

Толығырақ »

Прокурорлар мен соттардың кемшіліктерін қалай анықтаймыз?

ҚР Жоғарғы Сотында «Заңдылық» ақпараттық-талдамалық жүйесінің жобасы таныстырылды. Жүйенің мүмкіндіктерімен қылмыстық істерді онлайн режімде тергеуге жол ашылмақ деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Ендігі кезек қылмыстық іс жүргізуді толықтай ақпараттандыруда тұр. Осы мақсатта бүгін сот пен прокуратураның «Заңдылық» ақпараттық-талдамалық жүйесінің жобасын таныстырып отырмыз. Бұл жүйені өндірудің басты мақсаты қылмыстық процеске «ақылды» технологияларды енгізудің кезекті қадамына арналған»,-деп тоқталды ҚР Жоғарғы Сотының төрағасы Қайрат Мәми. ...

Толығырақ »

Мемлекеттік құпияны жариялағандар қалай жазаланады?

ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес, мемлекеттік құпияны жариялағандар 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылады деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 185-бапқа «Мемлекеттiк құпияларды заңсыз жинау, тарату, жария ету» сәйкес, мемлекеттік құпияны жариялаған адам ең көп дегенде 8 жылға дейін бас бостандығынын айырылады. Айта кетейік, бұл баптың үш бөлігі бар. «Мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтерді заңсыз жинау, сол сияқты құқыққа сыйымсыз алынған, мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтерді тарату, ...

Толығырақ »

Нұрсұлтан Назарбаев: Атом энергетикасын дамытудың әлеуеті зор

БАӘ-дегі «Болашақ энергиясы» Дүниежүзілік Саммитінде сөз сөйлеген Президент Нұрсұлтан Назарбаев атом энергетикасының ауқымды әлеуетіне тоқталды деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. «Қазақстан бейбіт атомды пайдалануды жақтайды. 2015 жылы МАГАТЭ әлемдік державалардың қолдауымен біздің елдің аумағында төмен байытылған ядролық отын құру туралы шешім қабылдады. Ол атом энергетикасын дамытуды жоспарлаған мемлекеттерге арналған. Тұтастай, атом энергетикасын дамытудың әлеуеті зор» деп атап өтті Н. Назарбаев. ...

Толығырақ »

Өз халқын жарылқай алмай жүріп, Қырғызстанға 100 млн доллар бермек пе?!

Қазақстан Қырғызстанға жақын күндері 100 миллион доллар беретіні бұған дейін хабарланған болатын. Бірақ, бұл қаражат қарыз ретінде емес, жай техникалық көмек ретінде аударылады. Мұндай екіжақты келісімге осыдан бір апта бұрын Санкт-Петерборда Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында қол қойылды деп хабарлайды sn.kz сайты. Ал бұл жағдай қазақ қоғамында үлкен пікірталасқа ұласып отыр. Халықтың дені биліктің бұл қадамын түсіне алмай әлек. Өйткені, ...

Толығырақ »

Назарбаев күн энергиясының қолайлы өзіндік құнын атады

БАӘ-дегі «Болашақ энергиясы» Дүниежүзілік Саммитінде Президент Нұрсұлтан Назарбаев ҚР-дағы күн энергиясының ықтимал өзіндік құнын атады деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. «Бүгін жаңа энергия көздері барынша қолжетімді бола бастады. Мұны тиімді пайдалану қажет. Бұрын тек дамыған елдерде ғана мұндай мүмкіндік болды. Олар жаңа энерготехнология саласында білім мен техникалық тәжірибе жинақтады. Дамушы елдердің осы үдеріске қосылатын шағының дер кезі. Мысалы, Қазақстан үшін ...

Толығырақ »

Чавес Головкинді мазақ етті

Орта салмақта әлемнің экс-чемпионы Хулио Сезар Чавес (49-2-1, 32 KO) Сауль «Канело» Альвареспен (48-1-1, 34 КО) бірінші болып жұдырықтасатынына байланысты Геннадий Головкинді әлеуметтік желі арқылы мазақ етті. Бұл туралы tengrinews.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап хабарлады. Мұның алдында боксшылар жекпе-жек туралы 6 мамырда келісімге келгені белгілі болған. Кездесу 164,5 фунт аралық салмағында өтеді және HBO арнасында PPV ақылы трансляциялар жүйесі арқылы көрсетіледі. Осы жағдайға байланысты ...

Толығырақ »

Тұрғылықты жер бойынша тіркеу көшеде тексерілмейді

ҚР ІІМ Көші-қон полициясы департаментінің басшысы Серік Сайынов Tengrinews.kz сайтындағы онлайн-конференция барысында қазақстандықтардың тұрғылықты жері бойынша тіркелуі көшеде тексерілмейтінін айтты. «Тіркеу көшеде тексерілмейді, сондықтан көшеде тұрып өзіңіздің тіркелгеніңізді дәлелдеп тұрудың қажеті жоқ. алайда, сіздің тарапыңыздан қандай да бір заң бұзушылықтар болса, полицейлер бұл деректі өздері анықтап, тіркейді» дейді ол. Айта кетейік, мұның алдында осы мәселе туралы заңгер Сергей Уткин полицейлердің азаматтардың ...

Толығырақ »

Қостанайлық жасөспірімдер жарылғыш заттан жарақат алды

Қостанайда 14 қаңтар күні 10 және 13 жастағы жеткіншектер петардаға ұқсас жарылғыш заттан жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Бір жасөспірімнің саусақтары жұлынып кеткен. Бұл туралы Alau.kz Қостанай облыстық ІІД-ге сілтеме жасап хабарлайды. «Полицейлер жеткіншектердің белгісіз заттан жарақат алу фактісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Тергеу барысында сыртқы пішіні петардаға ұқсас затқа сараптама жүргізіліп, оқиғаның себептері анықталады» деп хабарлайды Қостанай облыстық ...

Толығырақ »