ҚР Орталық сайлау комиссиясы депутат Аманжан Жамаловты тексереді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «2017 жылдың 18 қаңтарында ҚР Орталық сайлау комиссиясында биыл 17 қаңтарда 365info.kz интернет-порталында жарияланған «Успешный» депутат Жамалов может покинуть Парламент Казахстана» мақаласындағы дерек бойынша отырыс өтті» делінген хабарламада. ҚР ОСК мүшесі М.А.Сәрсембаевтың хабарламасы тыңдалғаны және ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты А.М.Жамаловтың түсінігі тыңдалғаны хабарланып отыр. ҚР Конституциясының 52-бабының 6-тармағына сәйкес, ҚР ...
Толығырақ »18.01.2017
Синоптиктер 19 қаңтарда ауа райы қандай болатынын айтты
«Қазгидромет» РМК 2017 жылдың 19 қаңтарына арналған ҚР бойынша ауа райы болжамын жария етті деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Болжамға қарағанда, Қазақстан аумағының көп бөлігі дерлік антициклонның ықпалында болады. Ауа температурасы батыста күндіз 5-15, түнде 10-22 аяз, солтүстік-батыста күндіз 7-15, түнде 15-25 аяз, солтүстікте және орталықта түнде 18-28, күндіз 8-16 аяз; шығыста түнде 25-30, солтүстік-шығыс облыстарында түнде 15-20, күндіз 7-17 аяз және оңтүстік аймақтарда түнде 5-10, кей ...
Толығырақ »Қостанайдағы «Қазақстан» кинотеатры қазақ тілін менсінбей ме?!
Қостанайдағы «Қазақстан» кинотеатрының анықтама бөліміне қазақша сұрап хабарласқанымда «говорите по руский» деген бұйрық райдағы жауап қатылды. Қазақша жауап беруді талап еткенде тұтқаның тарс еткен дыбысын естідік. Бұл деген қазақ тілін менсінбеу, ашық басыну! Ашуға булығып, интернет афишасындағы орысша кестеден іздеген киномызды таппағасын атына заты сай емес кинотеатрға бармадық. Елу теңгелеріңізді қисаңыздар, барлығыңыз «Қазақстан» кинотеатрына қоңырау шалып, қазақша сауалды қардай боратайық. ...
Толығырақ »Гонконг тұмауының екінші толқыны Қостанайға келді
Қостанайда Гонконг тұмауы вирусымен ауырған 20 жағдай тіркелді. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі хабарлайды. Қостанай облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің медициналық бөлімі бойынша орынбасары Ольга Сонның айтуынша, «жұқпалы аурудың екінші толқыны Челябіден келген». Көптеген тұрғын бұл жұқпалы ауруды жаңажылдық демалыста Ресейде болып, өздерімен алып келген. Енді бұл жергілікті тұрғындар арасында таралуда. Гонконг тұмауының екінші толқыны Қостанайға келді. Облыстық балалар ауруханасында ...
Толығырақ »Алғашқы бес айда үйренген ана тілі ешқашан ұмытылмайды
Нәрестенің алғашқы бес айда үйренген ана тілі ешқашан ұмытылмайтынын ғалымдар дәлелдеді. Бұл туралы egemen.kz BBC-ге сілтеме жасап хабарлады. Оңтүстік Кореялық университеттердің бірінде жүргізілген зерттеу қорытындысы бойынша, нәресте ерте жаста басқа елге көшіп кетіп, ана тілін мүлде ұмытып қалғанның өзінде, ана тілі жадында терең сақталатыны белгілі болды. Зерттеуге Оңтүстік Кореядан асырап алынған голланд тілінде сөйлейтін ересек адамдар қатысты. Олар өздерінің ана ...
Толығырақ »Дариға Назарбаеваға Қазақстандағы ақпараттық қауіпсіздік жағдайы баяндалды
Парламент Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Дариға Назарбаеваға Қазақстан Республикасының 2016 жылға дейінгі ақпараттық қауіпсіздік тұжырымдамасын іске асыру қорытындылары жайлы айтылды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Кездесуді ашқан Дариға Назарбаева ақпараттық қауіпсіздік, жалпы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін дамытудағы ұзақ мерзімді және басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. Ақпарат және коммуникация министрінің орынбасары Алан Әжібаев Тұжырымдаманы іске асырудың негізгі ...
Толығырақ »Қостанайлық сақтандыру компаниясынан 600 мың теңгеден астам қаражат өндіріп алды
Қостанай тұрғыны сақтандыру келісімшартындағы міндеттемесін орындаудан бас тартқан «Нефтяная страховая компания» АҚ-ын сотта жеңіп шықты. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі хабарлайды. Іс материалдары бойынша өткен жылы арыз беруші көлік рөлін басқара алмай, бағдаршам бағанасын соққан. Залал келген бағдаршам «Қостанай қаласы Тұрғын үй-коммуналды шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-ге тиесілі, мекеме бағдаршамды қалпына келтіру үшін 654 мың теңге жұмсаған. ...
Толығырақ »Н.Нығматулин: Ауыл әкімдеріне бюджетті басқаруды үйрету керек
ҚР Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин ауылдық округ әкімдерін бюджетті және коммуналдық меншікті басқаруға оқыту қажеттігін атап өтті деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Жалпы алғанда 2,5 мыңға жуық әкімнің қолына бір күнде 110 млрд теңге түсетінін айттыңыз. Бұдан бөлек, олардың өкілеттігінде коммуналдық меншікті басқару қызметі болады. Атап айтқанда, осыған дейін қомақты қаржы мен коммуналдық меншікті басқарып көрмеген ауылдық округтің, елді мекеннің әкімін ...
Толығырақ »Астанада биыл 1100 пәтер пайдалануға беріледі
Ағымдағы жылы елордада жалпы ауданы 57 мың шаршы метрді құрайтын 1100 пәтер құрылысы аяқталады деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана қалалық Сәулет және қала құрылысы басқармасына сілтеме жасап. «2017 жылы Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын іске асыру аясында тұрғын үй құрылысы бағыты бойынша Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі арқылы жалпы ауданы 25 мың шаршы метрді құрайтын 444 пәтер құрылысы аяқталатын болады» делінген басқарма ақпаратында. Атап айтқанда, Брусиловский, ...
Толығырақ »Алимент төлей алмайтындарға әкімдік жұмыс ұсынады
Астанада алимент төлемей жүргендерге жалақысы 100-200 мың теңге аралығында болатын жұмыс ұсынылды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап. Бұл бастаманы астаналық құрылыс компаниялары қолдап отыр. Осылайша, алимент төлемеген 700 борышкерді қызметке алу ұсынылды. Борышкерлерді жұмысқа қабылдау процедурасы басталып та қойыпты. Олардың жалақылары 100 мың мен 200 мың теңге шамасында болмақ. Бұл шара «Балаңды есіңе ал — алимент төле» жобасы аясында ...
Толығырақ »