Телеарна мәліметі бойынша, әр қазақстандық ардагерге $1570 берілген. Бұл Ресейдегі ардагерлер алған бір реттік жәрдемақыдан 10 еседей көп. Айта кетейік, биыл РФ ардагерлеріне 171 доллардан берілген. Бұл тізімде 7-ші орынды иеленіп отырған көрсеткіш. Тізімнің ең соңында Украина мен Түркіменстан тұр. Онда ардагерлер $45 және $26 көлемінде жәрдемақы алған. Ал екінші орынды Әзербайжан иеленген. Бұл елде соғыс ардагерлері $600 алған. Үздік үштікті Тәжікстан түйіндеген — 340$. Толық тізім жоғарыдағы суретте анық көрініп тұр.
inform.kz