Балалар ансамбльдерінің шеруі өткізіледі

Еліміздің облыс орталықтарында, Астана және Алматы қалаларында Балалар мен жастардың музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің шеруі өткізіледі деп хабарлайды ҚР БҒМ «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМКҚ баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жергілікті атқарушы органдардың және басқа да қызығушылық танытқан ведомстволар мен ұйымдардың қолдауымен 1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күнінде Балалар мен жастардың музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің шеруін өткізуді жоспарлап отыр.

Шерудің мақсаты, бұл – «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеяны іске асыру жағдайында эстетикалық және патриоттық тәрбие факторы ретінде балалар мен студенттердің салтанатты, көше-фестивальды шеруді қолдау және дамыту.

Шерудің міндеттері балалар мен жастардың музыкалық мәдениетін арттыру ғана емес, өзінің білім ұйымына мақтаныш және қатыстылығын қалыптастыру, республиканың білім мекемелерінің беделін көтеру және жарнамалау. Шеру – бұл біздің еліміздің барлық білім беру ұйымдарын біріктіретін кең көлемді республикалық акция.

Бұл шара алғаш рет өткізіліп отырғандықтан, республиканың мәдени өмірінде бірегей оқиға болады.

Бұл күні бір уақытта әр облыстық орталықтың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың орталық көшелерінде барабаншылар отряды, үрлемелі оркестрлер мен ансамбльдер, мажореткалар, черлидерлер, хор және би ұжымдары жүріп өтеді.

Қызықты репертуар, музыкалық аспаптардың әртүрлілігі, шығармалардың әрлеушілік түпнұсқалығы, бірнеше түрдегі музыкалық қызметтің бірігуі: ән айту, қимыл, аспаптарда ойнау; музыкалық ұжымның бірыңғай формасы; бұл көріністердің барлығы балалық шақ мейрамын ең жарқын және есте қаларлықтай етеді.

Шеру — музыкалық ұжымның әр қатысушы үшін көркем-эстетикалық дамудың түрі, балалардың, педагогтар мен ата-аналардың шығармашылық жетістіктерін көрсететін орасан зор мүмкіндік.

Шеруді дайындауға оқушылар, студенттер, мектеп мұғалімдері, колледждер мен ЖОО-ның оқытушылары, ата-аналар мен мәдениет және спорт өкілдері белсенді қосылды.

ҚР БҒМ «Республикалық қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығы» РМКҚ баспасөз қызметі

 

 

 

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *