16-17 мамыр күндері еліміздің төрт облысында үсік жүретіні болжануда, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.
«16-17 мамыр күндері түнде Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарының, 17 мамыр күні түнде Ақмола және Қостанай облыстарының жекелеген жерлерінде -3 градусқа дейін суытып, үсік жүреді деп күтілуде», — делінген ТЖК таратқан ескерту хабарламада.