Қостанай облыстық әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды деп хабарлайды Alau.kz.
ҚР Қылмыстық кодексі 366-бабының 2-бөлігінде қарастырылған қылмыс жасады деген күдікпен Қостанай облыстық әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Әмірхан Мауқұлов ұсталды. Қылмыстық іс бойынша тергеуді Қостанай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің тергеушілері жүргізіп жатыр. Басылымның мәліметінше, Антикоррупциялық қызмет шенеунікті 30 маусымда ұстаған.