Қостанай әкімдігінде бөлім басшысы азаматтан әскерге шақыртуды кейінге қалдырам деп ақша алған, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz облыстық сотқа сілтеме жасап. Қостанай облыстық сотының ресми сайтында хабарланғандай, № 2 қалалық сотта «Қостанай қаласы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік құпияларды қорғау, терроризмнің алдын алу, жұмылдыру дайындығы, төтенше жағдайлар және азаматтық қорғау бөлімінің басшысы басшысына қатысты қылмыстық іс қаралды. Сотта азаматтың міндетті әскери қызметке шақыруды ...
Толығырақ »Tag Archives: пара
Қостанай облыстық сотының судьясы ірі көлемде пара алу кезінде ұсталды
Қостанай облыстық сотының судьясы ірі көлемде пара алып жатқан жерінен ұсталды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Жоғарғы соттың ресми сайтына сілтеме жасап. «Биылғы 17 тамызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Жоғарғы соттың Ішкі қауіпсіздік бөлімінің өзара іс-қимылы нәтижесінде Қостанай қаласында Қостанай облыстық сотының судьясы ірі көлемде пара алу кезінде ұсталды. Ақша мүдделі тараптың пайдасына соттың оң шешімін алу үшін көзделген. Басқа ақпарат тергеудің мүддесіне ...
Толығырақ »Қостанайда параның орташа сомасы 100 мың теңгеге өскен
Онлайн брифингте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Нұржан Шалов өңірдегі параның орташа көлемін атады деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, Express Qazaqstan-ға сілтеме жасап. «Қостанай облысында биыл параның орташа мөлшері — 323 мың теңге, ал 2020 жылы бұл көрсеткіш шамамен 221 мың теңгеге тең еді. Тіркелген қылмыстар жөнінен параның жалпы сомасы 2020 жылы 3,1 млн теңге, ал ...
Толығырақ »Қостанайда медицина қызметкері пара алды деген күдікке ілінді
Қостанай облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасы ұйымының шаруашылық бикесі пара алды деген күдікке ілінді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бүгінде оған қатысты сотқа дейінгі тергеу басталған. «Ол К. азаматшасын арандатты деп күдіктелуде. Қостанай облысы әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасының лауазымды тұлғаларына оны Covid-19 модульдік жұқпалы аурулар ауруханасына санитар лауазымына орналастыру туралы мәселені шешкені үшін 1 000 АҚШ ...
Толығырақ »«14 млн теңге»: Қостанайда пара алған Білім басқармасының қызметкері 10 жылға сотталды (ВИДЕО)
14 млн теңгені қалтасына басқан Қостанай облысы Білім басқармасының қызметкері 10 жылға сотталды, деп хабарлады tobyl-torgai.kz, ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Қылмыстық істің мән-жайын журналистерге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі облыстық департаментінің басшысы Қуаныш Бекбасов айтып берген. «Облыстық Білім басқармасы бөлім басшысының орынбасары Шугаев сот шешімімен аса ірі мөлшерде пара беруге итермелегені және алдағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол «ALANSinc» ЖШС-нің 34 565 ...
Толығырақ »«10,8 млн теңге»: Қостанай шенеуніктері кәсіпкерді пара беруге мәжбүрлеген
Қостанай облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі Қостанай ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты сот алдындағы тергеу амалдарын бастады. Alau.kz ақпараттық порталының хабарлауынша, шенеуніктер қызмет өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілініп отыр. Олар шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын серіктестік басшысын Заречный ауылында газ құбырын орнату бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарына төлем ретінде 10,8 млн теңге көлеміндегі ақшаны беруге заңсыз мәжбүрлеген. Қазірде ...
Толығырақ »Арқалық және Рудный Құрылыс бөлімдерінің басшылары пара алды деген күдікке ілінді
Қостанай облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі Рудный және Арқалық қалаларында құрылыс бөлімдерінің басшыларына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық құрылыс бөлімі» ММ басшысы «Рудный қаласындағы шағын аудандарды газдандыру» нысаны бойынша құрылыс жұмыстары шартын бір көзден алу тәсілімен жасағаны үшін және орындалған жұмыстардың актілерін кедергісіз ...
Толығырақ »Қостанайда жер қатынастары бөлімінің басшысы ұсталды
Қостанай қаласының мамандандырылған тергеу соты қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысына қатысты санкцияны қарады. «Қостанай қаласының мамандандырылған тергеу соты жедел-тергеу тобының басшысы, Мемелекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті тергеу басқармасының тергеушісі Ж.Өтепқалиевтің Қостанай облысы прокурорының орынбасары К.Мамаевпен келісілген «Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы» ММ басшысын бұлтартпауға қатысты екі айға қамауға алу санкция шаралары ...
Толығырақ »Қостанай облысы әкімдігінің басқарма басшысы ұсталды
Қостанай облыстық әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды деп хабарлайды Alau.kz. ҚР Қылмыстық кодексі 366-бабының 2-бөлігінде қарастырылған қылмыс жасады деген күдікпен Қостанай облыстық әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Әмірхан Мауқұлов ұсталды. Қылмыстық іс бойынша тергеуді Қостанай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің тергеушілері жүргізіп жатыр. Басылымның мәліметінше, ...
Толығырақ »