– Өнер жолында жүргенінізге қанша жыл? – «Ң»-ға тілі келмейтін қызыл көйлекті сары қыз сұрағын өтірік қымсына қайталады.
– Тәәк, тоғыз, жоқ…, аа, сегіз жыл екен ғой, – деді бата тілегендей алақанын жайып жіберіп жылдам есептеп, екі саусағы ғана бүгілмей қалған жасыл жейделі аққұба жігіт алақ-жұлақ жұтынып.
– Кешірініз, бұл екінші сауалым екен ғой, – деді сары қыз сызыла түсіп, – өнер жолына қалай келдініз? Соны сұрағым келген екен ғой…
– Не ғой, өнер жолының босағасын аппаратура арқалап аттадым да. Барлық асабалар сүйтет та. Ең алғаш екі курс жоғары оқитын жолдасыммен бірге шықтым да. Ол айтатын да, «ет – етке, сорпа – бетке, сыйғаны – ішке, сыймағаны пакетке» деп та. Ет жеп қайтсаң да олжа ғой деп. Сүйтіп-сүйтіп «суперлердің» сценариін сол қалпы жаттай бастадым да. Бірде алпыс жасқа толып жатқан Асқар деген ағаны асаба «аскарблайт» етіп алт та. Ішіп алғандар талдырып тастат та. И сосын екінші дастарханды жүргізетін ешкім болмай, амалсыз микрофон маған бұйырт та. Сүйтіп, тосыннан тұсауым кесілт та ше! Тіпа, тіпа, қазір өнер жолында өршеленген өлермендердің ішіндегі дені дұрысы өзім да. Айтпақшы, әлгі досым екеуміз «дуетпіз». Любой тойды жыртып аламыз… Мінекей, визиткам, – деп «да, де, та, те-леп» екілене сөйлеген жігіт не жазып жатыр екен дегендей қызыл көйлекті қыздың қойын дәптеріне мойнын созды. Сары қыз салып жатқан суретін сұхбатшысына көрсетпеуге тырысып, айфонын алдыға шығарып, блакнотын бүйірге ысырды.
– Маған негізі диктафонға жазған ынғайлы да. Сосын да мән берменіз. Менін мақсатым негізі сізді халыққа кенінен таныстыру болып табылады. Сол үшін, айып етпесеніз, анықтап алсам деп ем. Өнер жолында жүру қиын бе?
– Айтып отырмын ғой, өнер жолы өте ауыр деп. Онда қазір екінің бірі жүре алмайт та, конкурент көп та просто. Айтады ғой, «нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» деп, сол сияқты кейбір қазақтар біздің щуткаларды түсінбейт та. Сосын сразу шатақ шығарат та…
– Кешірініз, әлгі мақалынызды қайталайсыз ба? Нағыз қазақ… қалай дедініз?
– Ол мақал емес та, тақпақ та. «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ –домбыра» дейді ғой. Бірақ домбырамен беташарды ғана істейміз да. А так досым, базар жоқ, термені айырат… Просто егер үйлену той боп жатса, жастар домбыраны түсінбейт та. Біз бүкіл халықпен жұмыс істеуіміз керек та.
– «Халықтын қамы бірінші орында тұру керек» дейсіз ғой. Мұнынызға қосылам. Біздің журналистиканын мақсаты да ең алдымен халыққа қызмет ету болып табылады. Жана өзініз айттыныз ғой «өнер жолы қиын» деп. Онынызбен келісем. Өйткені, көре алмайтындар көп болады да. Мысалы, менін өлендерімді де газеттердін жарияламайтыны жасырын емес. Өйткен себебі, қазақ халқы күншіл болып табылады. Енді сұрағым келгені… қандай-қандай қиындықтар, әсіресе, сізді қинайтыны?
– Не ғой, қиындық көп қой. Халық қазір қу да. Асабаларға аз төлегесі келіп тұрат та. Беташарды бергісі келмейт. Сол жағын түсінбейм да.. а так айтады ғой, қанша жерден қымбатқа жасасаң да, тойды жыртатын асаба деп. Кейде шу шығарады. Жаңа өзіңіз айтқандай көре алмайды да. Әр сөзіңе, музыкаңа тисед. Ойындарға қатыспайды. Кейде кафені жауып кетіп, такси келмей, далада қатып қалатын кездеріміз болады. Ондайда тоңбас үшін «қатып аламыз» да. Енді, ол да не ғой, денсаулыққа зиян ғой. Соны түсінбейт та адамдар.
– Түсінікті. Өнер жолында түсінбестіктін болуы заңды құбылыс деп есептеймін. Оның себебі, жанағы, көреалмаушылықтан екені белгілі. Енді алдағы жоспарларыныз?
– Жоспар? Жоспар енді не ғой, таксиге шығындана бермес үшін досым екеуміз бір машина сатып алсақ деп ек.
– Кешірініз, сіз мені дұрыс ұқпай қалдыныз ғой деймін. Оқасы жоқ, «ондай-ондай ханнын қызында да болады» демекші, мен мынау, өнер, шығармашылық жоспарларыныз?
– Ааа.. Түсіндім, түсіндім. А так басында түсінбей қалып жатсам… Енді жоспар, Туканың, Тұрсынбектің новый приколдарын жаттап алсақ деп ек та. Әйтпесе, сценарий уже жыртпай жүр да халықты. Сосын, Төреғалидың жаңа әнін скачать ету…
– «Жүктеп алмақшымыз» дейсіз ғой. Оларыныз да дұрыс. Өйткені, халыққа жанашылдық керек екені түсінікті. Тойларыныз күлкінішті өтетін болар.
– Халық жарылып, күлкіден құлап жатады.
– Бәсе. Өзім де солай деп неткем. Енді тағы бір сұрағым, сізге осы өнер кім арқылы дарыды? Тұқымдарынызда өнер адамдары бар ма?
– Дұрыс айтасыз. Бірақ біздің тұқымда өнер адамдары жоқ. Атам – қойшы, әкем – шопыр. Бірақ, қазақ айтады ғой, «жігіттің жақсы болмағы нағашыдан, үйдің жақсы болмағы ағашынан» деп, мүмкін нағашыларым жағынан келген шығар. Өйткені, қазір кіші інім де өнер жолында жүр да өзім сияқты.
– Әрине, адамға өнер қанмен берілуі заңды құбылыс. Менін де нағашы атам өлең жазған. Оны да кезінде көреалмаушылар шығартпаған. Бизнесмен баласы былтыр уже бесінші томын бастырды. Сонымен, нағашыныз кім болған?
– Менің ба? Нағашым веттехник…
– Менін нағашым да зооттехник. Ол кезде не да, шығармашылық адамдар ауылда қалып қойған да. Қазіргідей интернет болса, мен ойлаймын, ол кісілер де танымал болар еді деп…
– Әрине, қазір менің Инстада елу мың, ВК-да қырық мың, Другвокругта отыз мың, Однакласникте жиырма мың, Фейзбукте бес мың, Твиттерде төрт мың досым бар. Тіпа, тіпа, сол арқылы бәрі танит та. Фотоны салған бетте лайк басып жатады. Соның бәрі танымал болғасын деп ойлайм да.
– Сұхбатынызға үлкен рахмет. Танымалдылығыныз арта берсін. Өйткені, қазір заман танымалдылықтың заманы болып табылады ғой. Мен ойлаймын, сіздің танымалдылығыныз біздің материалымыз шыққаннан кейін тіпті арта түседі деп.
– Рахмет, қарындас, тойыңыз болса, хабарласыңыз… скидка…
– О-о, рас па? Алдағы апта боссыз ба?…
– Айтпақшы, айтпай кетіппін ғой, басым да бос.
– «Үйленетін» нем… подругам ғой. Жұлдыз жүргізуші іздеп жүр. А так менін басым бос.
P.S. Мынандай бастар «бос емес» дегенге басқаны қайдам, мен сенбеймін.
Абылай МАУДАНОВ, Қостанай