Рудныйда жас қыздарға қалталы азаматтар мен қомақты табыс табатын жұмыс тауып беріп, жеңгетайлықпен айналысқан қалалық мәслихат депутатының үстінен қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі today.kz сайтына сілтеме жасап.
Жыл басынан бері Рудный аумағында «жеңгетайлық» бабы бойынша 3 факті тіркелген. Солардың бірінде танымал тұлға әрі шенеунік Юлия Каралаш бар.
Мәслихатта ол жастар саясаты мен экология комиссиясының құрамына кірген. Депутаттың жеке парақшасындағы суреттері де күмән туғызарлықтай, оның үстіне жас қыздарға шет елде жұмыс істеуге арналған ұсыныстар да жазылған.
Сондай-ақ Юлия Каралаштың Karalash Fashion Company атты интернет-дүкені бар. Ол онда киімдер мен әшекейлер, косметикалар сатады. Дәл осы топтың ВКонтакте парақшасында ол жұмыс туралы хабарландыру мен жеңілдіктер, жаңа тауарлар жайлы жазады.
Кейбір хабарландыруларында ол жас қыздарға Араб Әмірліктері, Бахрейн Корольдігі, Сингапур, Қытай мен Түркиядан жұмыс ұсынған. Юлия Каралаш пен Ксения Гамова «элиталы эскорт» ретінде 2-3 аптада 5 мыңнан 10 мың доллар аралығында табыс табуға болатын жұмыс ұсынған.
today.kz
Мынау сұмдық қой! Облыс әкімі қайда қарап отыр? Қалай тайрандатып қойған мына салдақыны?
Бұл шайтанды кім депутат қылған? Алдымен соны табыңдар, сосын барлық мәслихаттың депутаттарын тексеріңдер қарақтарым.