Мәдени серуен: Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихы музейі туралы

1-сурет. Арқалық қаласындағы облыстық Дала өлкесі тарихы музейінің сыртқы көрініс

 

Мәдени серуен: Арқалық қаласындағы облыстық Дала өлкесі тарихы музейі туралы

2-сурет. Өзбекәлі Жәнібековке қойылған мүсін

 

Арқалық қаласындағы облыстық Дала өлкесі тарихы музейі Қостанай облысы аумағындағы іргелі және тарихы тереңнен бастау алатын және 40 жыл бойы халыққа қалтқысыз қызмет көрсетіп отырған бірегей музей. Музейдің негізін қазақ халқының біртуар ұлы – Өзбекәлі Жәнібеков қалаған болатын. Кезінде музей экспонаттарын Торғай өңірінің әр ауылынан жинастырған да Өзбекәлі ағамыз болатын.

 

 

3-сурет. Музейдің алыстан қарағандағы көрінісі

 

Музейдің есігінің оң және сол жақ беттерінде экскаватордың шөміші және алғашқы өндірілген алюминий тасы қойылған, өйткені қаланың жалпы пайда болуы алюминиймен байланысты еді.

4-сурет. Алғашқы өндірілген боксит рудасы

 

Музей алдында сондай-ақ, ғарыш кемесінің капсуласы қойылған, Негізінде Арқалық қаласының «ғарыш айлағы» деген атағы да бар, себебі Байқоңырдан ұшып шыққан ғарышкерлер көбінесе Жазқазған және Арқалық қаласының іргесінде ауылдарға, жерлерге қонады.

5-сурет. Экскаватор шөміші

 

Айтқандай музей есігінің өзі әртүрлі айшықтармен көмкерілген және әсем жасалған.

Жалпы, музейге келушілер осы өңірдің тарихы мен мәдениетін, экономикасын сипаттайтын археологиялық коллекциялармен, табиғаты, жан-жануары, және басқа да өлке тарихын баяндайтын құнды деректермен таныса алады.

6-сурет. Ғарыш кемесінің капсуласы

 

Музей аптаның дүйсені және сейсенбі күндерінен өзге күндері 10.00-18.00 аралығында келушілерге әрқашан есігі ашық!

Қырық жылға тарта халыққа қызмет етіп келе жатқан облыстық Дала өлкесі тарихы мұражайында 75 мыңнан астам жәдігер сақталып, 11 экспозициялық залы жасақталған. Музей жы сайын тарихи маңызы бар мәдениет ошағының уақыт көшіне ілесіп тың деректермен, құнды дүниелермен толыққан.

Қойнауы сырға толы киелі өлкенің талай-талай ғажайыптары мұражайды аралай бастағаннан-ақ сусыныңды қандырып, терең тылсымына жетелейді.

Қазақ халқының көптеген тұлғалары қонақ ретінде музейде болған, мысал ретінде Т.Әубкіровты, Т.Мұсабаевы, С.Мәуленовты, Ғ.Қайырбековты, С.Досановты, Б.Төлегенованы, Л.Кесоглуды, А.Дербісәліні, И.Тасмағамбетовты айтсақ та жеткілікті.

Музей өңірдің ежелгі заманнан бергі тұрмыс-тіршілігімен таныстырады, мысалы алғашқы адамдардан бастап палеолит дәуіріне дейінгі тұрмыстары көрсетілген; Тоқанай тұрағы деген атпен белгілі археологиялық қоныс маңынан табылған ерлі-зайыптылардың қосақтап жерленген сүйектерінен бастап, қола дәуіріндегі адамдардың тұрмыс-салты мен Андрон мәдениеті кезеңі де бейнеленген.

7-сурет. Алғашқы адамдардың тұрағы

8-сурет. Қосақтап жерленген адам

 

9-сурет. Арқалық ауданындағы Қожай елді мекенінен табылған Қожай коллекциясы

 

10-сурет. 1729 жыл. Аңырақай шайқасы бейнелеген панорама

           

11-сурет. XVIII  ғасырдағы қазақ жауынгерлері

 

12-сурет. Халық оқу-ағарту ісіне арналған экспозиция

 

13-сурет. Ұстахана

 

14-сурет. Зергерлік өнердің тамаша туындылары

15-сурет. Асадал мен төсек-ағаш

 

16-сурет. Киіз үйдің ішкі көрінісі

 

17-сурет. Ер-тұрман

 

18-сурет. Сәукеле

 

19-сурет. А.Имановтың портреті.

 

20-сурет. Татыр көлі маңындағы шайқас

               21-сурет. «Қызыл керуен» экспедициясы

 

22-сурет. Музыкалық аспаптар

 

23-сурет. Қызыл отау

 

24-сурет. Ұлы Отан соғысына арналған заттар

 

25-сурет. Тың игерушілерге арналған шатыр

 

26-сурет. Диорамада Арқалық руднигі

 

Жалпы, өлке экономикалық дамуына зор үлесін  қосып отырған  Торғай боксит кен басқармасы екенін айтып өтуіміз қажет.

Ал, «Арқалық – ғарыш айлағы» экспозициясынан келушілер, ғарышкерлердың жеке заттарымен, ғарышта қолданатын құрал-жабдықтарымен  және тағамдарымен таныса алады.

27-сурет. Ғарышкерлердың жеке заттары

 

28-сурет. Өзбекәлі  Жәнібековке арналған экспозиция

 

Қазіргі күні музейдің ашылуына, экспозициялық залдарының терең маңыздылықпен жабдықталуына көп көңіл бөлген өнер зерттеушісі, қазақ халқының ұлтжанды азаматы, үлкен жүректі ұлы, қоғам және мемлекет қайраткері, тарихшы-этнограф Өзбекәлі  Жәнібековке арналған экспозиция жұмыс істеп тұр.

Табиғат бөлімінің экспозициясынан өлкенің сан алуан өсімдіктері мен жан-жануарларын көруге болады. «Сарықопа» қорығының панорамасынан қорықшада мекендейтін елік, қабан, ақбас тырна, үкі, қоқиқаз және сұңқылдақ аққу секілді сирек кездесетін жануарлар мен құстарды көруге болады. Сонымен қатар торғай өзенінен табылған зілдің сүйегі, жер бедері мен алғашқы тіршіліктің қалыптасу кезеңдері көрініс тапқан.

29-сурет. Торғай өлкесінің аң-құстары

 

30-сурет. Торғай өзенінің бойынан табылған зілдің қаңқасы

31-сурет. Торғай өлкесінің флорасы мен фаунасы

 

       32-сурет. Табиғат залынан көріністер

 

Амандық ӘМІРХАМЗИН

Мақаланы дайындау барысында Арқалық қаласындағы облыстық Дала өлкесі тарихы музейінің материалдары мен суреттері, сондай-ақ, автордың жеке фотолары мен Интернет суреттері пайдаланылды

Мынаны да қараңыз

Бірлігі жарасқан ауыл

Жақында Қостанай іргесіндегі Жуковка ауылына жол түсті. Бастап барған Әсия Юсупова атты қарындасымыз «Жуковка ауылын түлету» ...