Отандық автоөндіріс саласын кеңейтеміз – Архимед МҰХАМБЕТОВ

«СарыарқаАвтоПром» зауыты, China National Vehicle Import and Export Company жəне «Kazakhexport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ арасында ынтымақтастық меморандумына қол қойылды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қол қою рәсіміне Қостанай облысының əкімі Архимед Мұхамбетов, Қазақстанның Даму банкінің төрағасы Болат Жəмішев, «Аллюр» компания тобы» АҚ басқарма төрағасы Юрий Цхай, General Technology Group компаниясының өкілі Ванг Су Шенг қатысты.

Өз кезегінде облыс əкімі Архимед Мұхамбетов қытайлық компания Қостанайға 1 млрд 200 млн доллар инвестиция құятынын айтты.

«Бұл — аз қаржы емес. General Technology Group компаниясы əлемдегі əлеуетті 500 кəсіпорынның ішіне кіреді. Соңғы жылы Қостанайдағы автомобиль шығару ісі 4 пайызға артты. Осы қарқынмен жұмыс істей берсек, отандық автоөндіріс саласын кеңейтіп, əлемдік нарыққа емін-еркін шығамыз» деді өңір басшысы.

Бүгінде автонарықта бәсекелестік жоғары. Жоспар бойынша, «СарыарқаАвтоПром» зауыты жыл соңына дейін алты мың дана көлікті сатылымға шығаруға ынталы.

«Аллюр» компания тобы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьевтің айтуынша, үшжақты əріптестік нəтижесінде «СарыарқаАвтоПром» ЖШС JAC автокөліктерін Ресей нарығына шығару құқығына ие болады.

Тобыл-Торғай-ақпарат

 

 

 

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *