Monthly Archives: желтоқсан 2017

Теңгенің 25 жылдығын кең көлемде атап өту керек — А.Мұхамбетов

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов төл теңгенің 25 жылдығын кең көлемде атап өтуді тапсырды деп хабарлайды ҚазАқпарат. ҚР Ұлттық банкі облыстық филиалының директоры Жомарт Қажырахымовтың мәліметінше, облыста теңгенің 25 жылдығына арналып ашық есік күндері, байқаулар, жиындар өтеді. Өз кезегінде Архимед Мұхамбетов те банк өкілдеріне ұсынысын айтты. «Теңгенің 25 жылдығын кең көлемде атап өту керек. Әуелі қаржы қызметкерлері жиылып, облыс орталығынан ...

Толығырақ »

Қостанайдан Түркияға теміржол арқылы жүк жөнелтілді

Бүгін тұңғыш рет Қостанайдан Түркияға теміржол арқылы жүк жөнелтілді. Бұл жүк Әзербайжан, Грузия мемлекеттерінің аумағы арқылы өтеді. Бұл туралы Қостанай жүк тасымалдау бөлімі директорының орынбасары Ғани Есенбаев хабарлады. Осылайша, мал азығы тиелген 38 вагон жаңа нарыққа жол тартты. Мұның ізін ала бидай мен ұн, өзге де ауылшаруашылық өнімдері экспортталады деп жоспарланып отыр. Бұл жөнінде ұзақ мерзімді келісімшарттарға қол қойылған. Жаңа ...

Толығырақ »

Қостанайда 1000-нан астам пәтер пайдалануға беріледі

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» келесі жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасымен салынған мыңнан астам баспананы пайдалануға береді. Бұл туралы облыстық әкімдікте өткен жиында аталған банк филиалының директоры Дәурен Саудабаев мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қостанай облысында жыл басынан бері аталған банк желісі бойынша 14 тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл нысандардың барлығы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының аясында салынды. Тиісінше, барлық тұрғын ...

Толығырақ »

ЫРЫМ

Торғай. Ұмытпасам, 1993 жыл болса керек. Тамылжыған жаз айы еді. Ыбырай Алтынсарин атамыз негізін қалаған орта мектептің 3-сыныбында оқимын. Тал шыбықты ат қып мініп жүрген кезіміз. Кей-кейде ұзын көшеге тас кірпіш қойып қақпа жасап аламыз да, футбол ойнауға кірісеміз. Одан жалықсақ, бір-бірімізбен алысып-жұлысамыз-ай кеп. Сондай ойындар қызып жатқан кез еді. Біз тұратын Партизан (қазіргі С. Мәуленов) көшесінің қиылысындағы бұрышта тұрған ...

Толығырақ »

Кәлен (қилы заман оқиғасы)

Кәлен орта дәулетті отбасында дүниеге келді, әкесі көзі қарақты кісі еді. Баласын ауыл молдасынан оқытқаннан кейін Байту оны кезінде Торғайдағы Ы.Алтынсарин негізін қалап кеткен мектепке берді. Бұл мектепті тәмамдағандардың бәрі сауатты, білімді болды. Кейін Кәлен Торғайдағы Иванов мектебін аяқтап, оқуын жетілдіріп шықты. Енді Байту Кәленге: «балам осы алған білімің жетер, ауылға келіп маған қолғабыс ет, біліміңді де пайдалан» деп елге ...

Толығырақ »

Торғай жұртшылығы «жерді жалға бермейміз» деген министрдің сөзіне сенбей отыр

Торғай өңірінің жұрты «Ресей зымырандарының қалдықтары құлайтын жер Жангелдин ауданынан бөлінбейді» деген Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі  министрі Бейбіт Атамқұловтың  сөзіне сенбей отыр. Бұл туралы бүгін Cенат отырысында депутат Мұрат Бақтиярұлы айтты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. «Қостанай облысының Жангелдин ауданында тұратын бір топ тұрғыннан Ресей зымырандарының қалдықтары құлайтын аумақ үшін Торғай өңірінен жер бөлінуіне алаңдаушылық білдірген хаттар түсіп жатыр. Авторлар ...

Толығырақ »

Қостанай облысы сапасыз азық тұтыну бойынша көш бастап тұр

Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті ұйымдастырған сауалнаманың қорытындысы бойынша елімізде қызмет көрсету саласында тұтынушылар құқығы жиі бұзылатыны белгілі болды. Сауалнаманың басты мақсаты тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласының қазіргі жағдайын анықтау болатын. Оған еліміздің 14 облысынан, сондай-ақ, Астана мен Алматы қалаларынан бас-аяғы 2500 адам қатысты. Респондеттердің 73%-ы елімізде тұтынушылардың құқығы жиі бұзылатынын меңзеді. Бұл жайт, әсіресе, Маңғыстау мен ...

Толығырақ »