Төлен Әбдіктің парасат әлемі

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология және әлем тілдері факультеті көрнекті қоғам қайраткері, талантты жазушы Төлен Әбдіктің 75 жылдығына арнап «Төлен Әбдіковтің парасат әлемі» атты әдеби-шығармашылық кеш өткізді.

Шараны ұйымдастырудағы негізгі мақсат көрнекті  жазушы-драматург Т.Әбдіктің шығармашылығын қазіргі заман тұрғысынан терең тану арқылы Елбасы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» атты бағдарламасының негізінде Тәуелсіздік кезеңіндегі жаңа дәуірдің зиялысының болмысын бағамдау, мән-маңызын ашу болды.

Әдеби кешке Жазушылар одағының хатшысы, ақын Ғалым Жайлыбай, белгілі қаламгерлер — Әбдіжәміл Нұрпейісов, Дулат Исабеков, Қуанышбай Құрманғалиев, Бексұлтан Нұржеке, Кәдірбек Сегізбаевтар қатысып, сөз сөйледі. Төлен Әбдік шығармашылығындағы ұлттық болмыс, қаламгердің шығармашылық келбеті, Т.Әбдік туындыларындағы рухани әлем суреттері тақырыптары бойынша баяндамалар тыңдалды.

Кешті университет ректоры, академик Ғалымқайыр Мұтанов жүргізіп отырды.

Жетпісбай БЕКБОЛАТОВ

Алматы қаласы

 

 

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *