Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов төл теңгенің 25 жылдығын кең көлемде атап өтуді тапсырды деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Ұлттық банкі облыстық филиалының директоры Жомарт Қажырахымовтың мәліметінше, облыста теңгенің 25 жылдығына арналып ашық есік күндері, байқаулар, жиындар өтеді. Өз кезегінде Архимед Мұхамбетов те банк өкілдеріне ұсынысын айтты.
«Теңгенің 25 жылдығын кең көлемде атап өту керек. Әуелі қаржы қызметкерлері жиылып, облыс орталығынан үлкен саябақ ашсын. Банк филиалдарының басшылары бұл ұсынысымды құптайды деп сенемін. Осылайша, есте қаларлық етуге болады» деді аймақ басшысы.
Айта кетейік, бұл идея аппарат мәжілісінің хаттамасына енгізілді. Облыс әкімі болашақ саябақтың орнын белгілеуді орынбасарларына тапсырды.
inform.kz