Өз әпкесін қойша бауыздаған кім?

Жантүршігерлік оқиға Қостанай облысындағы Қарабалық ауданында өткен жылдың желтоқсан айында — 24-нен 25-не қараған түні болған. 25 желтоқсанда шамамен 22:00-де Қарабалық АІІБ кезекші бөліміне Славенка ауылының тұрғыны қоңырау шалған деп хабарлайды alau.kz Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әйел адам полицейлерге Славенка ауылының тұрғыны — 45 жастағы әйелдің өлі денесі табылғанын айтқан.

«Осы іске қатысты ҚР Қылмыстық кодексі 99-бабының 2-бөлігі («Адам өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу шарасы жүріп жатыр. Сараптама тағайындалды» деді ІІД өкілдері.

«Айна» газетінің мәліметінше, Славенки ауылының 29 жастағы тұрғыны өзінің немере әпкесімен ішімдік ішкен. Араларында жанжал шыққан. Ер адам әйелдің арқасына бірнеше рет пышақ ұрған. Ары қарай ол әйелдің басын кесіп алып, пешке өртеген. Мәйітті сарайға тыққан.

29 жастағы күдікті тергеу изоляторына қамалды.

alau.kz

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *