20.01.2018

Қазақстанда 45 градусқа дейін аяз болады — синоптиктер

Синоптиктер 22-26 қаңтар күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Қазгидромет» РМК өкілдеріне сілтеме жасап. Синоптиктердің мәліметінше, 22-26 қаңтар аралығында Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында қатты аяз түнде -35-40 градус, 24-26 қаңтарда өте қатты аяз -45 градус, күндіз -27-32 градус, кей жерлерде -35 градус аяз болады. 22-26 қаңтар аралығында Қостанай облысында қатты аяз ...

Толығырақ »

Қостанай түрмесіне есірткі қосылған бал жіберілген

Қостанай облысында жазасын өтеушіге есірткі затын өткізу әрекетінің жолы кесілді деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Белгілі болғандай, есірткі сотталушыға әкелінген сәлемдемені тексеру кезінде шыққан. «Жазасын өтеушіге келген пластмасса ыдыста бал мен грек жаңғағы болған. Тексеру барысында бал арасынан полиэтилен түйіншек табылды. Оның ішінде ерекше иісі бар, жасыл түсті өсімдік тектес зат жасырылған. Сараптама ...

Толығырақ »

Ертең Қостанай облысында да тұман түсіп, күшті жел соғады

Синоптиктер ертең, 21 қаңтарда елімізде ауа райының қандай болатынын айтты деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Қазгидромет» орталығына сілтеме жасап. Синоптиктердің хабарлауынша, антициклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз болады, тек батыста және солтүстік-батыстың кей жерлерінде аздаған қар жауады. «Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, батысында көктайғақ, солтүстік-батыстың кей жерлерінде бұрқасын күтіледі. Қызылорда, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы ...

Толығырақ »

Жалған құжат жасаған қостанайлық

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы ҚР ҰҚК шекарашыларымен бірігіп жалған құжаттармен көлік жүргізген қостанайлықты ұстады деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Тәртіп сақшылары заң бұзушыны Аят кеден бекетінде ұстады. «Күдікті «Mercedes-Benz» автомобилін жақында Челябіден сатып алғанын айтқан. Алайда, тұрғынды тергеу барысында оның жалған құжат жасағаны анықталды. Себебі сату-сатып алу шарты көліктің аталған азаматқа тиесілі екенін растамады» делінген ...

Толығырақ »