Ерлан Сағадиев жатақханалар қалай салынатынын айтты

Жатақханаларды мемлекеттік бюджет есебінен салу үшін 5 жылға 225 млрд теңге қажет. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Президенттің 5 әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру жол картасына орай баяндама жасаған ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Біз банктермен, жоғары оқу орындарымен, құрылыс компанияларымен, Ұлттық банкпен, Қаржы және Ұлттық экономика министрлігімен бірнеше жиналыс өткіздік. Бәріне ыңғайлы, түсінікті және ашық механизмге келіп отырмыз. ЖОО немесе құрылыс компаниясы, әлеуметтік кәсіптік компания жер болса сол жерге, жер болмаса әкімішіліктен жер алып не болмаса жер сатып алып, ең алдымен жатақхананың жобалық-сметалық құжаттама жобасын дайындауы қажет. Сол жобада қанша жатын орын салынатындығы көрсетіледі. Одан кейін министрліктің Қаржы орталығымен сол салынатын орындарға келісім жасалады» деді министр.
Оның айтуынша, университет не болмаса құрылыс компаниясы жатақхана салатын болса, онда ол пайдалануға берілген күннен бастап, белгілі кезең ішінде бір орын үшін мемлекеттік ай сайын субсидия төленіп отырады. «Қазіргі уақытта алдын ала жоба ретінде бір жатын орынға жыл сайын орташа 200 мың теңге көлемінде 8 жыл бойы мемлекеттік субсидия төлеуді ұсынысып отырмыз. Егер осы құрылысты мемлекеттік бюджеттен салсақ, 5 жылдың ішінде 225 млрд теңге жарататын боламыз. Ал ұсынылып отырған механизмге сәйкес мемлекеттен тек қана 29 млрд теңге ғана жұмсалады» деді Ерлан Сағадиев.

Министрдің айтуынша, ендігі уақытта университет немесе құрылыс компаниясы жоғарыда аталған келісім негізінде банктен кредит алып, құрылыс компаниясын жалдап жатақхана салуға кірісуі қажет. «Біріншіден, жатақханалар құрылысын «Даму» АҚ-ның «Нұрлы жер» бағдарламасына енгізу қажет. Сонда қаржыландыру несиелері мемлекеттік проценттік субсидиялар алып отырады. Екіншіден, университеттердің, әсіресе мемлекеттік университеттердің қажетті жер учаскесі бар. Жер учаскесі жоқ университеттерді әкімдіктер өз деңгейінде қамтамасыз ету және бәріне тиісті коммуникациялар жүргізу бойынша тапсырма беруді сұраймыз», — деді министр Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевқа қарата.

inform.kz

Мынаны да қараңыз

ШЕКАРАЛЫҚ АУЫЛДАР НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛМАУЫ ТИІС

Қостанай облыстық Қоғамдық даму басқармасының «Әділетті мемлекет, біртұтас ұлт және өркендеген қоғам құндылықтарын қалыптастыру және ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *