Қостанай облысының 3 ауданы оқулықтарды өз күштерімен тасымалдауға мәжбүр

ҚР Білім және ғылым министрлігі жаңа оқу жылы қарсаңында  білім беру ұйымдарын оқулықтармен қамтамасыз ету мәселесіне басты назар аударып, күнделікті мониторинг жүргізуде деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалпы  республика бойынша 2018-2019 оқу жылына  жаңартылған білім мазмұнына көшетін 3,6 және 8-сыныптарға арналған  12 млн астам оқулық сатып алынды. Бұл сыныптардағы оуқшылар саны – 906 мың.

Баспалар оқулықтардың сапалы  түрде басылып шығарылуын, олардың форматына және салмағына қойылатын талаптардың орындалуын қамтамасыз етті. Биылғы оқулықтардың өткен жылдардағы оқулықтардан айырмашылығы – олардың электрондық нұсқасына қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін  QR-код орналастырылуы.

Республика бойынша орташа есеппен баспалардан өңірлерге оқулықтардың 98,2% жөнелтілді, 92,5%  білім беру нысандарына жеткізілді.

Жамбыл, Түркістан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Шымкент қаласы  оқулықтарды өңірлерге 100% жөнелтті.

Сонымен қатар бірқатар өңірде тасымалдаушылардың өз міндеттерін дұрыс орындамауына байланысты оқулықтардың уақтылы жеткізілмеу қатері туындап отыр. Осы себептерден  Ақмола облысының 6 ауданы, Қостанай облысының 3 ауданы, Шығыс Қазақстан облысының 2 ауданы, Қызылорда облысының 1 ауданы оқулықтарды өз күшімен тасымалдауға мәжбүр.

Қостанай облысының Науырзым ауданы да осы себепті «Қазпошта» АҚ-мен қайта келісімшартқа отырды.

Қазіргі кезде барлық білім беру субъектілері оқу әдебиетін жеткізу  мәселесімен белсенді түрде айналысуда. Оқулықтарды жөнелту және жеткізу процесі өңір әкімдіктері мен білім басқармалары басшыларының  қатаң бақылауында.

 

Тобыл-Торғай-ақпарат

 

 

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *