Торғайда дүбірлі той басталды

Бүгін Жанкелдин және Амангелді аудандарының 90 жылдық торқалы тойы басталды. Торғайлықтардың төл мерекесіне елдің әр қиырынан көптеген мейман келді. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов те арнайы барды деп хабарлайды Тобыл-Торғай-ақпарат.
Жангелдин ауданында аймақ басшысы және Төлен Әбдік, Кенжеғали Сағадиев, Сапар Ысқақов, Сайлау Байзақов бастаған белгілі тұлғалардың қатысуымен «Торғай елі – тұлғалар мекені» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, сондай-ақ, қазақ күресінен, «Торғай әуендері» ән байқауынан республикалық жарыстар жалғасып жатыр.
Сайтымызда қос ауданда өкен дүбірлі тойдың қорытындысы туралы кейінірек арнайы мақала жарияланатын болады.
Тобыл-Торғай-ақпарат

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *