Қостанай облысы Қостанай ауданындағы Мичурин селосында «Балалар университеті» ашылды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі Triera.kz кәсіпорнының директоры Игорь Пирогқа сілтеме жасап. «Бірнеше мұғаліміміз бар, Израиль-американдық бағдарламамен жұмыс істейді. Балаларға «сен қате айттың немесе дұрыс айттың» деген баға қойылмайды.Басты бағыт – баланы сөйлету, ол қате айтса да айтты ғой. Егер бала қате айтса, дұрыс айтқан балаға қарап, қате жерін өзі түзейді, – ...
Толығырақ »Monthly Archives: қазан 2018
Бүгінгі мектеп бағдарламасына керек 4 пән
Мектеп оқушыларының басым бөлігі аналитикалық ойлау жүйесінен гөрі энциклопедиялық білімге қабілетті. Мектептің соңғы емтиханы ҰБТ-ны тапсырғанда көп оқушы өзінің есте сақтау қабілетіне сенеді. Оған дейін жадтың мықтылығына қарай оқушылар үлгерімі де бағаланады. Бірыңғай теориялық білім кесірінен оқушы қабілеттері толық ашылмай қалады да, логика, конструктивті коммуникация, азаматтық құқық сияқты өмірде шын керек болатын білім мен қабілеттен жұрдай болады. Есесіне бізді мектепте ...
Толығырақ »Алматы облысы Қостанайдан 50 трактор, 35 автобус сатып алады
Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Қостанайға жұмыс сапарымен келді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мақсат – Қостанай облысының инвестициялық әлеуетімен танысу, екіжақты тәжірибе алмасу. Әуелі алматылық меймандар «Баян Сұлу» кондитер фабрикасына барды. Биыл фабрика экспорт көлемін едәуір ұлғайтқан. Былтыр мұнда екі ірі цех іске қосылып, «ALBO» конфеті және шоколадпен оралған печенье шығарыла бастады. «Баян сұлу» басшысы ...
Толығырақ »Кәмшат Дөненбаева туралы кітап жарық көрді
Қостанайда даңқты механизатор, Социалистік Еңбек Ері Кәмшат Дөненбаева туралы кітаптың тұсауы кесілді. Жиынға Кәмшат Байғазықызының ұлы мен жеңгесі, көз көрген замандастары келді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Еңбек Ерінің кісілік қасиеттерін еске салды. «Кәмшат Байғазықызының бейнесі жүрегімізе мәңгі сақталады. Ол кісі жүрген жерінде халқымыздың амандығын тілеп отыратын. Тың ардагері, ардақты ...
Толығырақ »Мұғалімнің айтқандары есте қалу үшін не істеу керек?
Сабақ үстінде мұғалімді мұқият тыңдап, оны түсінуге тырысыңыз. Айтқандарын жаттап алуға емес, ұғынуға талпыныңыз. Ұғыну мен жаттау — мүлдем бөлек үрдіс. Ми іске қосылған кезде есте сақтау қабілеті өздігінен жұмыс істеуді бастайды. Яғни біз түсінуге тырысқан кезде көп нәрсені есімізде сақтаймыз, Ал жаттап алуға тырысқан кезде ұғына да алмаймыз, көп мәлімет жаттап та үлгермейміз. Үйде жүргенде материалды бірнеше бөлікке бөліп, ...
Толығырақ »Американың білім беру жүйесі қандай?
Демократия әрбір америкалық отбасында көрініс табады. Ата-аналары үнемі балаларымен кеңесіп, мәселелерді ақылдасып шешеді. Оларды отбасылық құндылықтарды бағалауға жастайынан баулиды. «Бүгін кешкі асқа не әзірлейміз?» сынды болмашы сұрақтардың жауабын бірге іздейді. Америкалық балалар осылайша таңдау еркіне ие болып, өзге мемлекеттегі қатарластарына қарағанда ерте есейеді. Ата-аналарымен, мектептегі ұстаздарымен сөз таластырады. Мұндай тәрбие олар үшін қалыпты болып қабылданады. Жастайынан еңбекқорлыққа үйренеді. Ата-аналары үй ...
Толығырақ »«Панорама», сен өйтіп «маңырама» немесе жалған ақпарат жарға жығады…
Тақырыпты бұлай «айғайлатып» қоюға ресейлік «Панорама» ақпарат агенттігінде (сатиралық басылымы) 18 қазанда жарияланған «Автора американского аналога ЕГЭ осудили за диверсию в системе образования» атты мақала себеп болды. Материал авторы агенттіктің бас редакторы Борис Гонтермахер болса керек. Жұртты екіұдай күйге түсірген жазба қазақстандық ата-аналарды да шошындырғанға ұқсайды. Бір қызығы, дәл осы фейк материалдың сілтемесі еліміздің ата-аналарының чатында неге «қыдырып» жүр?.. Жалған ...
Толығырақ »Сингапурлық оқушылар қалай білім алады?
Білім алу барлық елге ортақ. Дегенмен, әр елдің танымына, қоғамдық жағдайларына байланысты оқу жүйесі, заңдылықтары әртүрлі болары анық. Мысалы, сингапурлық оқушылар қаңтар айынан бастап оқиды. Осындай ерекшеліктері бар Сингапурдың білім беру жүйесімен таныс болыңыздар. Мектепке дейін Мектепке дейінгі мекемелер 3 жастан бастап қабылдайды, балалар бұл мекемеде 3 жыл дайындалады: балдырған, бірінші жыл және екінші жыл (K1 және K2) деген сатылармен ...
Толығырақ »Бразилиялық балалар мектептен соң тағы бір жыл оқиды
Әр елдің білім беру жүйесі әртүрлі екені белгілі. Ал Бразилиядағы замандастарымыз қалай білім алады екен? Бразилияда өзге елдер секілді мемлекеттік және жекеменшік мектептер бар. Тұрғындардың басым көпшілігі балаларын жекеменшік мектептерге береді. Олардың негізгі білім алуы міндетті және тегін. Әр қалада білім беру сапасы әртүрлі. Білім беру жүйесі мектепке дейінгі оқыту, негізгі (бастауыш) білім, орта білім және жоғары білім сатыларынан құрылған. ...
Толығырақ »Қостанай облысы 400 тоннадан астам етті экспортқа шығарды
Қостанай облысында мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы өңірдің ауқымды экспорттық әлеуетін толықтай жүзеге асыруы керек. Бұл пікірді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының жетекшісі Жансұлтан Таукенов білдірді деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ауыл шаруашылығы саласын қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаның арқасында облыста мал басы мен мал өнімдерінің көлемі арта түсті. Ж.Таукеновтың сөзінше, облыс тұрғындардың етке деген қажеттілігі толығымен қамтылып отыр. «2027 жылға қарай ет өндіру көлемін ...
Толығырақ »