Американың білім беру жүйесі қандай?

Демократия әрбір америкалық отбасында көрініс табады. Ата-аналары үнемі балаларымен кеңесіп, мәселелерді ақылдасып шешеді. Оларды отбасылық құндылықтарды бағалауға жастайынан баулиды. «Бүгін кешкі асқа не әзірлейміз?» сынды болмашы сұрақтардың жауабын бірге іздейді. Америкалық балалар осылайша таңдау еркіне ие болып, өзге мемлекеттегі қатарластарына қарағанда ерте есейеді.
Ата-аналарымен, мектептегі ұстаздарымен сөз таластырады. Мұндай тәрбие олар үшін қалыпты болып қабылданады. Жастайынан еңбекқорлыққа үйренеді. Ата-аналары үй жинағандары үшін ақша береді. Артынша пошташы секілді жеңіл жұмыстарға орналасады. Еңбектің наны тәтті демекші, алғашқы жалақысына сусын мен бәліш сатып алып масаттанады. Қаржылай тәуелсіздіктің дәмін сезінеді. Баланың академиялық жетістіктері ата-анасын көп алаңдатпайды. Баланы жазалауға қатаң түрде тыйым салынады. «Жұдырықтан гөрі ащы сөздер айтылсын» қағидасын ұстанады. Қызықты ойын-сауыққа жібермеу, кәмпит бермеу сынды жеңіл жазалау түрлерін ғана пайдалануға рұқсат беріледі. Сонымен қатар жазалаған сайын бұл әрекеттің мақсаты түсіндіріліп отыруы керектігі айтылады. Кішкене балаларды қараусыз қалдыруға тыйым салынады. Қалдырған жағдайда ата-аналар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
Америкада мемлекеттік білім беру жүйесі жоқ. Алайда мектептерді керектілерімен мемлекеттің өзі қамтамасыз етіп отырады. Білім беру мәселелерімен айналысатын жергілікті кеңес ұйымдары әр штатта бар. Аталған ұйым оқу жоспарын құрастырып отырады. Мектептерге қатысты белгіленген стандарттары жоқ. Оқушының үй тапсырмасын қандай көлемде орындайтыны, оқулықтарды қалай алатындығы ұстаздар мен ата-аналардың өзара келісімімен шешіледі.

Жоғарғы білім ақылы әрі қымбат. Көп ата-ана балалары тәй-тәй баспай жатып, оның болашақтағы оқуына қажетті ақшаны жинастыра бастайды. Бұдан өзге студенттер оқумен қатар жұмыс істеп, ақшасын өзі төлейді. Білім алу үшін арнайы несие беріледі. Алайда бітіргеннен кейін оны төлеу қиынға соғады.

massaget.kz

Мынаны да қараңыз

ШЕКАРАЛЫҚ АУЫЛДАР НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛМАУЫ ТИІС

Қостанай облыстық Қоғамдық даму басқармасының «Әділетті мемлекет, біртұтас ұлт және өркендеген қоғам құндылықтарын қалыптастыру және ...