Қостанай облысында «Балалар университеті» ашылды

Қостанай облысы Қостанай ауданындағы Мичурин селосында «Балалар университеті» ашылды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі Triera.kz кәсіпорнының директоры Игорь Пирогқа сілтеме жасап.
«Бірнеше мұғаліміміз бар, Израиль-американдық бағдарламамен жұмыс істейді. Балаларға «сен қате айттың немесе дұрыс айттың» деген баға қойылмайды.Басты бағыт – баланы сөйлету, ол қате айтса да айтты ғой. Егер бала қате айтса, дұрыс айтқан балаға қарап, қате жерін өзі түзейді, – дейді Игорь Пирог.
Оның айтуынша, «Балалар университетіне» оқушылар аптасына екі рет келіп, ағылшын тілін меңгереді. Тіл үйрену сабағы негізінен ойын түрінде жүретін көрінеді. 5 жастан 12 жасқа дейінгі балалар жасына қарай үш топқа бөлінген.
Кәсіпкер бұрынғы қаңқасы қалған ғимаратты қайта жөндеп, кәсіпорынға кеңсе мен балаларға арналған «университетке» бөлмелер жасапты. Балаларға арналған үш кабинет бар. Қазір мұнда елу шақты бала келеді, оның ішінде ауылмен қатар қаладан қатынайтындар да бар екен.

«Осы селодағы әлі күнге қараусыз тұрған тағы бір ғимаратты арзан бағамен сатып алдық. Алдағы уақытта оны жөндеп, заманауи балабақша жасайын деп отырмыз. Онда да ағылшын және қазақ тілдерін үйрететін осындай балалар университеті болады» дейді кәсіпорын директоры.

Тобыл-Торғай-ақпарат

Мынаны да қараңыз

ШЕКАРАЛЫҚ АУЫЛДАР НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛМАУЫ ТИІС

Қостанай облыстық Қоғамдық даму басқармасының «Әділетті мемлекет, біртұтас ұлт және өркендеген қоғам құндылықтарын қалыптастыру және ...