Елбасы қазақстандық оқушыларға: Білім мен біліктілікке екпін қою керек

Бүгін Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының 10 жылдығына арналған «Ұлы дала мұрагерлері» атты оқушылар мен педагогтардың форумы басталды деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Форум жұмысына1 мыңнан астам адам қатысуда. Олардын қатарында Жоғары қамқоршылық кеңестің мүшелері, қоғам қайраткерлері, елшілер, шетелдік серіктестер, халықаралық ұйымдардың өкілдері, бизнесмендер,мұғалімдер, Зияткерлік мектептердің оқушылары мен түлектері бар.
Айта кетейік, бүгінгі шара барысында «Цифрлық Қазақстанға қосқан үлесіміз» деген тақырыпта арнайы стенд ұйымдастырылады. Онда жаңа талапқа бейімделіп жасалған оқулықтар, ел мұғалімдеріне арналған жүйелі және әдістемелік кешен, виртуалды ғылыми зертханалар, Зияткерлік мектептердің оқушылары әзірлеген «Kazakh — Latin Converter», «Physics Helper» мобильдік қосымшалары қойылып, көпшіліктің назарына ұсынылды.
Сондай-ақ халықаралық ынтымақтастыққа арналған стенд орналастырылып, оған Зияткерлік мектептердің стратегиялық серіктестерінің өкілдері шақырылды. Олардың қатарында CIS Халықаралық мектептер кеңесі, Кембридж университеті, Cito Педагогикалық өлшеулер орталығы, Халықаралық бакалавриат жүйесі және тағы басқалары бар. Мұнымен қоса, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» оқушыларының халықаралық байқауларда жүлделі орындарға ие болған ғылыми жобаларының көрмесі ұйымдастырылды.
Халықаралық SAT жəне ACT емтихандарынан рекордтық нəтиже көрсеткен Ақназар Қажымұрат өзінің математика саласындағы «төл туындысын» көрсетеді.
Сонымен қатар, Қуаныш Мәденнің «Робот — мұржа тазалаушы», Альберт Лидің «Робот Polargraph — терезе жуушы», сондай-ақ Нұрберген Ағаділ мен Жәңгір Сирановтың әлеуметтік бағыттағы «Road of the Future», «Safe and Sound» — жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қауіпсіздігіне арналған жобалары ұсынылды.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» бірегей білім беру жобасын құру осыдан нақ 10 жыл бұрын Елбасының жеке бастамасымен қолға алынды. Бүгінгі таңда Зияткерлік мектептердің тәжірибесін еліміздің орта білім жүйесіне тарату бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде», — деп атап өтті дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова.
Форум аясында Қазақстандағы Shell бөлімшесінің басшысы Оливье Лазар Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, Астана қаласы әкімдігі және Shell компаниясымен Зияткерлік мектептерінде бірлесіп жүзеге асырылатын «Мектептерге күн энергиясын тарату» жобасын ұсынады. Атап айтқанда, Зияткерлік мектептер құру жөніндегі жоба 2008 жылдың наурыз айынан жүзеге асырыла бастады.
Бүгінде елімізде жаратылыстану-математика бағытындағы 20 Зияткерлік мектеп ашылды. 2010-2018 жылдар аралығында осы оқу орындарын 8 мыңға жуық түлек тәмамдады. 950 оқушы «Алтын белгі» мен ерекше аттестатқа ие болды.

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *