Қостанайда 50 жастағы ер адам жоғалып кетті

Қостанайлық тәртіп сақшылары 1968 жылы туған ер адамды іздеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жақсылықов Жанболат Кеңесұлы 14 желтоқсан күні сағат 10:00-де Қостанай қаласындағы үйінен шығып кетіп, содан бері оралмаған. Қостанай қаласы ІІБ «Оңтүстік» бөлімі ер адамға қатысты мәліметтерді жариялады: бойы — 165-170 см, ірі денелі. Үстінде көк түсті шаңғы костюмі, қара түсті бас киім, угги етігі болуы мүмкін.
Полицейлер із-түзсіз жоғалған ер адам туралы ақпарат білетін тұрғындардың мына байланыс нөмірлеріне хабарласуын сұрайды: 87021530201, 52-68-61, 52-68-50 және 102.

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *