Instagram желісінде тағы да жаңа функциялар пайда болды

Instagram құрастырушылары жаңа функцияларды енгізді. Соның арқасында қолданушылар өзара байланысты жақсартады деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның блогына сілтеме жасап.
«Сіздер достарыңызбен қарым-қатынас жасаудың жаңа әдіс-тәсілдерін көресіздер және Instagram желісінде бақылайтын адамдарыңызбен тығыз байланыс орнатасыздар» делінген блогта.
Енді Stories жүйесіне стикерлерді қосуға болады, бірақ уақытын өзіңіз таңдайсыз. Құрастырушылардың айтуынша, бұл достарға әсерлі сәттерді бірге санауға көмектеседі. Уақыты аяқталғанда қосымша арнайы хабарландыру жібереді. Сонымен қатар, Stories-те жарияланған жазбаларға жауап ретінде әуен қосу мүмкіндігі пайда болды.
Stories-ті әзірлеуге таңдалған әуен фото не видео қарау кезінде шырқалады, ал авторы жазбаның бетіне шығады. Ал онлайн-эфир кезінде қолданушылар сұрақтарын стикерге жазып жібере алады.
Осылайша, достардың сұрағы пікір қалдырушылардың арасында жоғалып кетпейді.
«Өзіңіздің сүйікті блогеріңізден сән жайлы, мерекелік макияжды қалай жасау керектігін сұраңыз, ол сізге практика жүзінде жауап береді» дейді құрастырушылар.

Мынаны да қараңыз

Азаматтардың құқығы бәрінен биік тұруы керек

«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қорының жергілікті өкілдері Қостанай облыстық ардагерлер кеңесі басшылығымен кездесті. Кеңес төрағасы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *