Қостанай облысында сібір елігін атқандар ұсталды

Қостанай облысында сібір елігін атқан браконьерлер қамауға алынды. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қостанай облысы Табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері «Қостанай-Мамлютка» бағытындағы жолда «ВАЗ-2107» маркалы автокөлігін тоқтатады. Көлік салонында жүргізуші мен екі жолаушы болған. Оларды тексеру барысында полиция қызметкерлері көліктің жүк салғышынан сібір елігін және екі мылтық тауып алады.
«Тексеру барысында қарулар жолаушылардың біріне тіркелгендігі анықталды. Күдіктілер Қостанай ауданына аң аулауға келген. Олар Меңдіқара ауданының тұрғындары болып шықты. Олардың сібір елігін атуға рұқсат қағазы болған жоқ» дейді полицейлер.

Күдіктілер кінәларын мойындады. Бұл факт бойынша ҚР ҚК-нің 337-бабы 1-бөлігі бойынша («Заңсыз аң аулау») сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Тобыл-Торғай-ақпарат

Мынаны да қараңыз

Құмар Ақсақалов ертең Федоров ауданына жұмыс сапарымен барады

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Федоров ауданына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Сапар барысында ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *