Қостанай облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты жол қозғалысына шектеу қойылды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі «Қазавтожол» ЖШС-ға сілтеме жасап.
Қостанайда облыстық және аудандық маңызы бар Мамлютка — Қостанай, Ұзынкөл — Сарыкөл, Сарыкөл — Үлкен Дубрава , Қойбағар — Қарасу — Севастополь, Қостанай — Введенка авто жолдарында дизель жанармайымен жүретін және жолаушылар көліктері үшін шектеу қойылды. Еске салсақ, бүгін еліміздің 5 облысында — Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында бірнеше көлік жолы жабылған болатын.
Тобыл-Торғай-ақпарат