Жиналыс барысында бюджет қаражатын игеру және бөлу жолдары қарастырылады
Қалалық білім беру ұйымдарында, оның ішінде балабақшалар, мектептер мен колледждерде оқу жылының бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша ата-аналар жиналыстарын өткізу басталды.
«Жиналыс барысында білім беру ұйымдарының басшылары тарапынан бюджет қаражатын игеру және бөлу туралы есебі баяндалып, оқу-тәрбие жұмысының және тамақтануды ұйымдастыру мәселелері талқыланады, сондай-ақ, Қамқоршылық кеңесінің құрамы бекітіледі» деп мәлімдеді Білім басқармасы өкілдері.
Осыған байланысты ведомство ата-аналарды жиналысқа қатысып, өзін қызықтырған сұрақтарын қойып, белсенділік танытуға шақырады.