Қостанайдағы жеке тұрғын үйде өрт болды

Қостанайда жеке тұрғын үйде болған өрт 1941 жылы туған әйелдің өмірін жалмады деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқыс оқиға Қостанай қаласындағы М.Хакімжанова көшесіндегі жеке тұрғын үйде болған.

«30 шаршы метрлік ауқымда үйдің едені, қабырғасы, төбесі отқа оранған. Өртті сөндіру 19.50-де басталып, 22.04-те ауыздықталды. Оқиға орнынан 1941 жылғы әйелдің мүрдесі табылды», — делінген хабарламада.

Өрттің нақты себептері анықталу үстінде. Бұған дейін облыстық ТЖД баспасөз қызметі Сарыкөл ауданында екі балықшының адасып кеткенін хабарлаған болатын.

 

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *