21.02.2019

5,2 млн гектар алқапқа астық егіледі

Қостанай облысында көктемгі егіс науқанына дайындық жұмыстары басталды деп хабарлайды ҚазАқпарат.  Облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, көктемгі егіс науқаны мамыр айының ортасына қарай басталады. Қажетті техникалар, құрал-жабдықтардың дайындығы пысықталуда. Егілетін тұқым жеткілікті, жанар-жағармай қоры да сақадай-сай. Оны үлестіру кестесі де бекітілген. «Осы жылы Қостанай облыстық ауылшаруашылық құрылымдары 5,2 млн гектар егіс алқабына дән сіңіреді. Соның ішінде 4,7 млн гектары жазғы ...

Толығырақ »

Тобылдық отбасыға тұрғын үй берілді

Таран ауданының Тобыл елді мекенінде көпбалалы отбасына тұрғын үй кілті тапсырылды деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Нұр Отан» партиясы Елбасының тапсырмасы бойынша көпбалалы, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларды қолдауға бағытталған «Бақытты отбасы» жобасын бастағаны белгілі. Жоба аясында Тобыл елді мекенінде тұратын Смирновтар отбасына тұрғын үй берілді. Отағасы Андрей Смирновтың айтуынша, бұл күтпеген сыйлық болды. «Біз 5 бала тәрбиелеп отырмыз. Расында да, үйіміздің ...

Толығырақ »

Арқалықта автобус қар құрсауында қалып қойды

Солтүстік өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 14 адам мен 4 техниканы қар құрсауынан шығарды деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі. «Арқалық — Ашутасты» жолында 11 жолаушы мінген PAZ рейстік автобусы қар құрсауында қалды. Оның ішінде 5 әйел болған. «Жедел-құтқару жасағының күшімен тоқтап қалған автобус тазартылған жолға шығарылды. Боран салдарынан Арқалық қаласына қарай өтетін жолды қар басып қалған. Сондықтан автобус Ашутасты ...

Толығырақ »

Үйің болмай — күйің болмас

Бүгінде басыңда баспанаңның болу-болмауы әлеуметтік жағдайыңның, қоғамдағы орныңның, материалдық-қаржылық ахуалыңның белгісі іспетті. Жеке пәтері бар адам өзін ауқатты демей-ақ қояйық, әйтеуір қаржысы жеткілікті адам ретінде сезінетіндей жағдайға жетті. Тіпті 10-15 жылдай уақытша бас­панада тұрып, кейін әупірімдеп жүріп пәтер алғандар кәдімгідей мақтанып, бұл әрекетін үлкен ерлікке балап жүр. Демек, бүгінгі қоғамда баспана әлеуметтік жағдайдың индикаторы болып тұр. Уақытша баспана демекші, жуырда ...

Толығырақ »