Ардагер журналист Архимед Мұхамбетовті мақтады

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов күні кеше халық алдында жылдық есебін берді. Бұл жолы да әкімге сұрақ қоюшылар қатары көп болды. Ардагер журналист, Журналистер одағы Қостанай облыстық филиалының төрағасы Сергей Харченко облысты үш жарым жыл басқарған Архимед Бегежанұлын мақтай жөнелді.

«Архимед Бегежанович, Сіз менің жұмыс тәжірибемде облыстың он бірінші әкімісіз. Менің сөзім Президент аппаратының өкіліне бағытталады. Орта есеппен алғанда әр әкім 3-4 жылдан ғана жұмыс істеді. Меніңше, бұл — аз уақыт. Әр келген әкім алдымен өңірмен танысады, оның ой-шұқырын білуі тиіс. Содан кейін өзінің жоспарын, бағдарламасын жасайды. Сондықтан әр әкімге облысты 5-7 жыл басқаруды ұсынамын. Егер әр әкім Сіз сияқты жұмыс істесе, иә, Сіз өңірдің экономикалық-әлеуметтік дамуының дүмпу күші секілді болдыңыз» деді Сергей Васильевич.

Тобыл-Торғай-ақпарат

Мынаны да қараңыз

Бірлігі жарасқан ауыл

Жақында Қостанай іргесіндегі Жуковка ауылына жол түсті. Бастап барған Әсия Юсупова атты қарындасымыз «Жуковка ауылын түлету» ...