Қостанайда Қазақстан-Ресей жастарының форумы өтеді

Қостанай облысы әкімдігінің кеңейтілген отырысында облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев Жастар жылының шеңберінде өткізіліп жатқан және жоспарланған іс-шаралар туралы баяндады. Сондай-ақ «Ел ертеңі – болашақ жастардың қолында!» Жол картасын іске асыру барысы туралы айтты деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Жол картасында барлық мемлекеттік құрылымның қатысуымен жүзеге асырылатын 78 іс-шара қарастырылған.
Облыс әкімінің орынбасары жастар бастамаларын қолдауға бағытталған жобалар туралы әңгімеледі.

«2018 жылы Қостанай облысының аумағында «Zhas Project» Жастар корпусын дамыту жобасы іске асырылды. 492 жас іске асырған 143 жоба гранттық қаржыландыруды иеленді. Қаржыландырудың жалпы сомасы 230 млн теңгеден астам» деді Марат Қонысбайұлы.

Сондай-ақ облыс әкімінің орынбасары 2019 жылдың мамыр айында Жастар сарайының салтанатты ашылуында Қазақстан-Ресей жастарының ынтымақтастық форумын өткізу жоспарланып отырғанын жеткізді.

Қорытындылай келе, ол басым бағыттың мақсаты жас ұрпақты, атап айтқанда,  NEET санатындағы (жұмыс істемейтін, оқымаған  және біліктілігін арттырмайтын) жастарды жан-жақты қолдауды қамтамасыз ету екенін атап өтті.

Тобыл-Торғай-ақпарат

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Бір пікір

  1. Каламкас

    Орысқұлдардың мына тірліктері болмаған екен. Елбасы рухани жаңғыр дегенде осылай жаңғыр деп пе еды??

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *