Клиенттердің құжаттарын пайдаланып, несие рәсімдеген

Жітіқаралық құқық қорғаушылар алаяқтықпен айналысқан банк қызметкерін ұстады. Күдікті банк бөлімшелерінің бірінде қызмет істеп жүріп, клиенттердің жеке куәліктері арқылы несие рәсімдеген. Сөйтіп, оңай олжаға кенеліп отырған.

25 жастағы банкир жігіт мұндай әрекетпен бір жылдан бері айналысып жүріпті. Айласын асырып дәніккен ол банк клиенттерінің құжаттарын пайдаланып, шағын несиелік ұйымдардан ғаламтор арқылы несие рәсімдеп отырған.

Қарыз сұраушыдан көп құжат талап етпейтін, онлайн жұмыс істейтін шағын несиелік ұйымдары бар. Олар 10-15 минуттың ішінде жеке шотқа сұраған соманы жібереді. Алаяқ осыны тиімді пайдаланып, түскен ақшаны бірден өз атына аударып отырған. Таяуда оның әрекеті әшкере болып, қолына кісен салынды.

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...