Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов облыс орталығына іргелес ауданның активіне жаңа әкім Виктор Радченконы таныстырды.
Виктор Радченко 1967 жылы туған. М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетін және Қазақ тұтынушылар одағының Қарағанды экономикалық университетін бітірген. Еңбек жолын 1991 жылы «Торғайавиа» АҚ-да авиамеханик болып бастаған. 2001-2007 жылдар аралығында Арқалық қаласындағы жылу-энергетикалық орталығының басшысы, Арқалық қаласы әкімінің орынбасары болып қызмет етті.
Сондай-ақ 2009-2013 жылдары Лисаков қаласын басқарған ол 2013-2014 жылдары Қостанай қаласы әкімінің орынбасары, «Көкшетау жылу» ШЖҚ мемлекеттік-коммуналдық мекемесінің бас директоры, Ақмола облыстық Энергетика, тұрғын үй-коммуналдық басқармасының басшысы болып қызмет істеді. 2017 жылдан Ақмола облысы Ерейментау ауданының әкімі болды.
Еске сала кетейік, Қостанай ауданының бұрынғы әкімі Қайрат Ахметов Қостанай қаласының әкімі болып тағайындалған еді.
Тобыл-Торғай-ақпарат