Қостанай орталығындағы Наурыз тойы (фото)

 

Қостанай орталығында мерекелік думан таңғы сағат 10.00-ден басталды. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов жиналған жұртшылықты құттықтап, іс-шараларды тамашалады.

«Құрметті қостанайлықтар, жерлестер! Баршаңызды Наурыз мейрамымен ыстық ықыласыммен құттықтаймын. Тарихи тереңнен бастау алатын бұл мейрам бүгінгі қоғамда тұрақтылықты, достықты және бірлікті нығайтуда маңызды роль атқарып келеді. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атта мақаласында ұлтымыздың барлық салт-дәстүрін, ана тілімізді, мәдениетімізді, ұлттық рухымызды жаңғыртуға ерекше мән берілді. Ежелден қалыптасқан игі салт-дәстүрлер сақталып, ұлттық құндылықтар еліміздегі барша ұлт өкілдерінің тарапынан қолдау тауып отыр. Өйткені, халқымызға тән қонақжайлық, қайырымдылық пен мейірімділік жарқын көрініс тапқан осынау мереке әрдәйім жұртшылықты ынтымаққа, сыйластыққа шақырады», – деп құттықтады А.Мұхамбетов.

Орталық алаңда қазақ күресінен өткен қалалық ашық турнирде Мылтықбай Әбдуаитов (70 келіге дейін), Ерхан Мұхамеджанов (80 келіге дейін), Талғат Жиентаев (+80) сынды палуандар жеңімпаз атанып, бағалы сыйлықтарға ие болды.

«Әжемнің дәмді бауырсағы» байқауында бауырсақтың түр-түрі көрсетіліп, көпшілік дәм татты.

«Бұл іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпаққа ұлттық тағамымызды пісіруді үйретіп, әжелердің үлгі-өнегесін көрсету. Көпшілігіміз бауырсақтың екі-үш түрін ғана білеміз, ал мұнда ондаған түрі қойылып отыр», – дейді қалалық кітапханалар жүйесінің қызметкері Ботакөз Дүйсембаева.

 

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *