Қостанайда жемқор шенеуніктер азаймай тұр

2018 жылы құқық қорғау органдары Қостанайда жемқорлыққа қатысы бар 111 қылмысты анықтаған. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы Д.Үсенов брифинг барысында мәлімдеген. Оның сөзінше, парақорлықтан келген шығын 157 млн теңге.

— Ең көп жазаға тартылғандар әкімдік пен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері – 38, ұлттық компаниялардың басшылары – 6, құқық қорғау органдарының жетекшілері – 4 тұлға. Мемлекеттік қызмет органдарында сыбайластық қылмыс білім – 16, ауыл шаруашылығы – 6 және денсаулық сақтау салаларында етек жайған. Барлығы 39 тұлға қылмыстық жауапқа тартылған, олардың сегізі облыстық, оны қалалық және тағы оны аудандық деңгейдегі басшылар. Өткен жылы Тәртіптік кеңес мемлекеттік мекемелерге 30 ұсыныс жолдады. 21 тұлға жемқорлықпен күрес заңнамасын бұзған болса, олардың сегізі қызметінен қуылды, — деді ол.

Жемқорлық фактілер, әсіресе, мемлекеттік сатып алу және жер қатынастары салаларында қайталанған. Өңірде жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар бойынша 11 қылмыс ашылып отыр.

Тобыл-Торғай-ақпарат

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *