03.01.2020

Ертең Қостанай облысында жаяу бұрқасын болуы мүмкін — «Қазгидромет»

4 қаңтарда, яғни ертең  Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Бұл туралы tobyl-torgai.kz тілшісі «Қазгидромет» өкілдеріне сілтеме жасап хабарлайды. Қостанай қаласында 4 қаңтарда күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдығы — 90-95%.  

Толығырақ »