08.03.2020

Шағын қалаларды дамытудың бағдарламасы жасалды

2020 жылы Eurasian Resources Group (ERG) компаниясы Қостанай облысында әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыруға 3,1 млрд теңге бөлмек. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов пен аталған компанияның Бас атқарушы директорының бірінші орынбасары Алдияр Қазтаев әріптестік туралы меморандумға қол қойды деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл меморандум шеңберінде аймақтарды дамытудың үш жылдық бағдарламасы жасалып отыр. Жобаны ҚР Үкіметі мақұлдады. Аймақта әлеуметтік маңызы жоғары жобаларды жүзеге ...

Толығырақ »

Қостанайда 40 көше жөнделеді

Архимед Мұхамбетов Қостанай қаласының жолдарының жағдайымен танысты. Аймақ басшысы бұл туралы «Инстаграм» парақшасында жазды деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жалпы, 2020 жылы көлік инфрақұрылымын дамытуға және аула аумақтарын абаттандыруға 6,3 млрд теңге жұмсалады. «Барлығы 40 көше жөндеуден өтеді, бұл 40,6 шақырым. Сондай-ақ 34 шақырым жолға жаңа асфальтбетон салу жоспарлануда. Қостанай қаласының басшылығына мердігерлік ұйымдар жүргізген жол төсемдерін жөндеу бойынша жұмыстарды бақылауда ұстауды ...

Толығырақ »

Қостанай облысында 51 көпбалалы анаға пәтер берілді

Қостанай қаласындағы «Юбилейный» ықшамауданында көпбалалы аналарға тұрғын үйдің кілттері тапсырылды деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл тұрғын үй қоныстанушыларға «Нұрлы жер» және «Бақытты отбасы» әлеуметтік тұрғын үй бағдарламасы аясында берілді. Қоныс тойын тойлаушылардың қуанышына облыс әкімі Архимед Мұхамбетов ортақтасты. «Елбасы бастамашы болған «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында 51 көпбалалы анаға жаңа пәтер кілтін тапсырдық. Бұған қоса аз қамтылған отбасылар да пәтерге ие болады. ...

Толығырақ »