Monthly Archives: сәуір 2020

Мультфильмде әйел күйеуінің көзіне шөп салып жүр (ВИДЕО)

Режиссер Қанағат Мұстафин facebook парақшасында сәбилерге тіл үйрету мақсатында түсірілген «Жанәділ» деген мультфильмнің сорақылығын атап көрсетті деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы. «Мына масқара мультфильмді көргендерің бар ма? Әйелі күйеуінің көзіне шөп салып жүр. Бұны жас балаларға танымдық деп көрсетіп жатыр. Тілді үйрету деп қояды… Бұл тілді үйрету үшін емес, қазақ халқының қалыптасқан әдет-ғұрпына тікелей шабуыл жасап, күйрету мақсатында жасалған. Жою керек барлық ...

Толығырақ »

КӨЗДЕН КЕТСЕ ДЕ, КӨҢІЛДЕН КЕТПЕЙДІ

Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшысы Әбдісағит Тәтіғұлов жөнінде Бұл азамат жөнінде кезінде республика баспасөз беттерінде аз жазылған жоқ. Өйткені, оның қазақ сәулет өнерінде, құрылыс саласында, ғылымында алар орны ерекше-тін. Атақты сәулетші сұлу шаһар Алматыдағы «Қазақстан» қонақ үйінің жобасы үшін бір топ авторлармен бірге Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығын алды. Иә, Әбдісағит Тәтіғұловтың сызған негізгі жобасы бойынша көркем де сұлу Алматы шаһарындағы тұрғызылған көп ...

Толығырақ »

Қостанай облысында 3 мың адам азық-түлік себетін алды

Қостанай облысында 3000 адамға азық-түлік себеті тапсырылды деп хабарлайды ҚазАқпарат Nur Otan партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Елбасы бастамасымен жүзеге асырылып жатқан #Birgemiz акциясы аясында Nur Otan партиясы облыстық филиалының төрағасы Архимед Мұхамбетов дәрігерлерге медициналық заттарды табыс етті. Облыс дәрігерлері жалпы сомасы 35 млн теңге болатын 7 мың арнайы KN95 кәсіби маскасын, 3 мың бір реттік қорғау костюмдерін және 120 ...

Толығырақ »

Ауа райы болжамы: Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, тұман күтіледі

Синоптиктер 29 сәуірде Қазақстанның 6 өңірінде ауа райы бұзылады деп болжайды. Алматы облысында кей жерлерде найзағай жарқылдап, батыстан қатты жел соғады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Ақтау қаласында да 29 сәуірде түнде және таңертең тұман түседі. Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай, батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Ақмола облысының түнде басым бөлігінде жаңбыр, ...

Толығырақ »

Бразилия коронавирустың жаңа ошағы болуы мүмкін — ғалымдар

Сан-Паулу ғалымдары Бразилияның коронавирустың жаңа ошағы болуы мүмкін екенін айтты деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі News.ru басылымына сілтеме жасап. Ғалымдардың мұндай шешімге келуіне президент Жаир Болсонарудың коронавирусқа қатысты мәлімдемесі себеп болған. «Бізде пандемияның жаппай таралуы үшін барлық жағдай жасалған» дейді Сан-Паулу университетінің вирусологы Пауло Брандао. Хопкинс университетінің мәліметінше, Бразилияда COVID-19 жұқтырғандардың саны 67 446-ға жеткен. Ал қайтыс болғандардың саны — 4 603.

Толығырақ »

Өңірде коммуналдық тарифтер қызметі арзандады

Алдағы күндері Қостанай облысында жылу беру маусымы аяқталады. Бұл туралы облыс әкімі Архимед Мұхамбетов әлеуметтік желіде жазды деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бүгін өңір басшысы қала және аудан әкімдерімен селекторлық кеңес өткізді. Жиын барысында 2019-2020 жылдардағы жылыту маусымының қорытындысы қаралды. «Облыс аудандары жылумен қамтамасыз етуден ажыратылады. Жалпы ағымдағы жылыту маусымының қорытындысы бойынша тіршілікті қамтамасыз ететін барлық кәсіпорындар, облыстың әлеуметтік сала объектілері тұрақты ...

Толығырақ »

Карантин режімі үш кезеңмен жеңілдетіледі — Архимед МҰХАМБЕТОВ

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов аймақтағы шектеу шараларын жеңілдетуге байланысты үндеу жариялады деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Біздің облыста 3 күн бойы COVID-19 жұқтырудың бірде-бір оқиғасы анықталған жоқ. Бұл аз болса да оң нәтиже. Бұған біздің облысымыздың әр тұрғынының шыдамдылығы мен парасаттылығының арқасында қол жеткіздік. Сіздердің әрқайсыңызға жеке жауапкершілікпен шектеуді сақтағаныңыз үшін шын жүректен алғыс айтамын. ...

Толығырақ »

COVID-19: Індеттің екінші толқыны қашан болады (видео)

Қазақстанда қыркүйекте тұмау вирусымен қатар коронавирустың екінші толқыны болуы мүмкін. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов отандық эпидемиологтармен өткен видеоконференция барысында айтты деп хабарлайды «Бірінші Еуразия арнасы». Сарапшылардың айтуынша, қазақстандықтардың көбі тұмауға қарсы вакцина жасауы керек, бұл өте маңызды. «Әзірше ешкім гипотезаны жоққа шығарып отырған жоқ. Жазда да бұл індет тарауы мүмкін, күзде де болады» деді Асфендияров атындағы зерттеу жұмысы ...

Толығырақ »

Қостанай облысында жел соғып, тұман түседі

Қазгидромет 25 cәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынады деп хабарлайды Тобыл-Торғай-ақпарат. Республиканың басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты республиканың кей жерлерінде найзағаймен бірге жаңбыр, солтүстікте, солтүстік-батыста және батыста жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, дауыл, тұман, желдің күшеюі күтіледі. Ақмола облысының кей жерлерінде түнде тұман күтіледі, таңертең және күндіз жел 15-18 м/с күшейеді. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында ...

Толығырақ »

11500 медициналық масканы Ресейге заңсыз алып өтпек болған

Ұлттық Қауіпсіздік комитеті облыстық департаментінің қызметкерлері Ресей Федерациясына медициналық маска өткізбек болған көлік жүргізушісін қолға түсірді деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оқиға 21 сәуір күні Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қостанай облысы бойынша департаментіне қарасты «Қайрақ» шекара бөлімінде болған. Шекараның бақылау бөлімінің бастығы Өмірбек Қуатовтың айтуынша, күдікті иіс сезгіш иттің көмегімен ұсталған. «Күнделікті әскери қызмет барысында заң бұзушылық әрекетінің беті ашылды. Еліміздегі төтенше жағдайға ...

Толығырақ »