24.06.2020

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов коронавирус жұқтырды

Қостанай облысының әкімі бұл туралы инстаграм-парақшасында жазды деп хабарлады tobyl-torgai.kz. «Құрметті қостанайлықтар! Барлық сақтық шараларына қарамастан, менің COVID-19-ға тапсырған сынағым оң нәтиже көрсетті. Осыған байланысты мен оқшаулануға кетемін және қашықтан жұмысымды жалғастырамын» деп жазды ол. Облыс тұрғындарынан барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраған Архимед Мұхамбетов барша жұртқа зор денсаулық пен амандық тіледі. «Өзіңізді күтіңіз!» деп жазды әкім.

Толығырақ »