Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Қостанайда бір тұлғаның заңға қайшы әрекетінің жолын кесті. Бұл туралы ҚазАқпарат комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады. Бұл әрекет «Stop-ОБНАЛ» жедел-алдын алу шарасы аясында және «Қыран» арнайы бөлімшесінің көмегімен жүргізілді. Қылмыстық топ 2017 жылдан қазіргі уақытқа дейін заңды тұлғалардың атынан Қостанай облысының кәсіпкерлік субъектілерінің атына іс жүзінде жұмыстар орындалмай, ...
Толығырақ »Monthly Archives: шілде 2020
Қостанай облысында дәрілерді қымбатқа сатқандар жазаланды
Қостанай облысында дәрілерді қымбатқа сатқан дәріханаларға 3 миллион теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. Бұл туралы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Департамент мамандары прокуратура қызметкерлерімен бірлесіп облыс дәріханаларына мониторинг жүргізуде. Басты мақсат – дәрі-дәрмек бағасының өсуіне жол бермеу. Бүгін облыс орталығындағы 115 дәріхана тексеріліп, 24 түрлі сипаттағы заңбұзушылық анықталды. «Облыс орталығында бағаны белгіленген нормадан ...
Толығырақ »«Халыққа химиялық у шашып жатыр»: Жалған ақпарат таратқан қостанайлық ұсталды
Әлеуметтік желіде «халыққа химиялық у шашылып жатқаны» жөнінде жалған ақпарат таратқан әйел анықталды. Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке қарағанда, 44 жастағы Қостанай қаласының тұрғыны Instagram желісінде қатерлі індеттің қайдан шыққанын айтып, халыққа химиялық у шашылғанын жария еткен. «Әйел әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы жалған ақпарат таратқан. Оның видеожазбасы бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында тексерілді. Қазір ...
Толығырақ »Жерлесіміз, академик Кенжеғали Сағадиев қайтыс болды
25 шілде күні 82 жасында академик Кенжеғали Әбенұлы Сағадиев көз жұмды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. «Өкінішке қарай, кең тараған ауру біздің отбасымызға да жетті. Жерлеу рәсімі тек отбасы мүшелерінің қатысуымен өтеді. Барлық қоштасу шарасы тура бір жылдан кейін — 2021 жылы 25 шілдеде өтеді» делінген Сағадиевтер отбасы таратқан хабарламада. Кенжеғали Әбенұлы 1938 жылы 18 ақпанда Қостанай облысы Жангелдин ауданының Ақкөл ауылында ...
Толығырақ »Дүниежүзілік банк: Қазақстан кедейлене түсуі мүмкін
Коронавирустың таралуымен байланысты дағдағарыс Қазақстанда кедейлік пен теңсіздік деңгейінің жоғарылауына әкеп соғуы мүмкін. Бұл туралы Дүниежүзілік банктің Қазақстан бойынша жазғы экономикалық баяндамасында жазылған деп хабарлайды Tengrinews.kz. Баяндамада COVID-19 пандемиясы Қазақстан экономикасы үшін соңғы екі онжылдықтың ішіндегі ең ірі экономикалық салдарға әкелгені және оның өсуіне айтарлықтай кері әсер етіп жатқаны жазылған. «Ұзақ уақыт бойы дағдарыстың салдары Қазақстанда кедейлік пен теңсіздік деңгейін жоғарылатуы мүмкін. Алдын ...
Толығырақ »«Жағдай нашар»: Азат Перуашев Арқалыққа барған сапары туралы айтты
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің алаңында өткен онлайн конференцияда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» демократиялық партиясының Парламент Мәжілісіндегі фракция жетекшісі Азат Перуашев жақында Арқалық өңірінде болып, сондағы дәрі-дәрмекке қатысты жағдаймен танысып қайтқанын айтты деп хабарлайды baq.kz. «Қазір коронавирус індетінен күнделікті азаматтарымыздың қайтыс болып жатқанын естіп, көріп отырмыз. Осы себепті өткен аптада Арқалық өңіріне барып, сол жақтағы азаматтармен кездесіп, елді ...
Толығырақ »Қостанай облысында 4 мыңнан астам оқушыда компьютер жоқ
Қостанай облысында оқушыларды оқулықпен қамтамасыз ету үшін қомақты қаражат бөлінді. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен аппарат жиынында белгілі болды деп хабарлайды ҚазАқпарат. Облыстық Білім басқармасының басшысы Василий Цымбалюктың айтуынша, оқу жылы басталмай тұрып оқушылар компьютер және оқулықпен қамтамасыз етілуі тиіс. Сонымен қатар қалалар мен аудандардың әкімдіктері санитарлық қауіпсіздік шараларына тікелей жауапты орган болып бекітілді. «Бүгінде облыс педагогтері үшін облыстық кәсіподақ ...
Толығырақ »«Төрт сиырымды алып кетті…»: Қостанайлықтар малдарының бруцеллез деген желеумен етке өткеніне наразы
Бруцеллез деген желеумен бар малымызды құртып жатыр. Қостанай облысындағы Белозеров елді мекенінің тұрғындары бізге осылай деп шағымданды деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап. Соңғы жылда бұл ауылдан жүз бас ірі қара мәжбүрлі түрде етке өткізілген. Қан тексерісі кезінде бруцеллез анықталғанымен, кейін ПТР сараптамасы ол диагнозды жоққа шығарды дейді жергілікті тұрғындар. Сондықтан малдарының нақты ауру екеніне сенімсіздік білдіріп отыр. ...
Толығырақ »Қостанай облысының 7 ауданында көппәтерлі тұрғын үйлер салынады
Қостанай облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасын іске асыру аясында құрылыс саласында 5,1 млрд теңгеге 14 инфрақұрылымдық жоба іске асырылады. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен аппарат мәжілісінде айтылды деп хабарлайды ҚазАқпарат. Облыстық Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Берік Таңжарықовтың айтуынша, биыл өңірде тұрғын үй саласы бойынша 7 ауқымды жоба іске асырылады. «Жобалар Амангелді, Денисов, Наурызым, Федоров, Жітіқара, Меңдіқара ...
Толығырақ »Облыс дәріханаларына 300 млн теңге бөлінді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтқан тапсырмасын орындау үшін Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов дәріхана желілері мен көтерме сату фирмаларының басшыларымен кездесті деп хабарлайды ҚазАқпарат. ҚР Президенті Үкіметтің кеңейтілген отырысында облыс басшыларына толыққанды медициналық көмек көрсету және аса қажетті дәрі-дәрмектерді қолжетімді етуді тапсырған болатын. Осыған байланысты Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов өңірдегі ірі дәріхана желілерінің басшыларымен кездесіп, жұмыс ...
Толығырақ »