2 аптада пневмониямен ауырғандар саны 5 есе төмендеді — Архимед Мұхамбетов

Бұл туралы облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің төрағалығымен коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штаб отырысында айтылды деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс әкімі коронавирустың өңірде таралуына жол бермеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталып өтті. Оның айтуынша, қазір 2158 төсек-орын қосымша дайындалды, оның ішінде 1704-і — провизорлық стационарда.

«Соңғы 2 аптада пневмониямен ауыру өткен кезеңмен салыстырғанда 5 есе төмендеді. Сондай-ақ жедел жәрдем қызметін шақыру саны 1 600-ден 750-ге дейін азайғаны байқалады. Облыста КВИ диагностикасы 5 зертханада жүргізіледі. Ветеринарлық зертхана филиалдарының базасында бүгіннен бастап 2 ПТР-зертхана жұмыс істей бастады. Колл-орталық жұмысы күшейтілді, штат екі есе ұлғайды. Жұмыс демалыссыз жүргізіледі. Қоңырау саны күніне 180-ден 120-ға дейін төмендеді. Емханалардың жанынан пациенттерге үйде медициналық көмек көрсететін 160 мобильді әмбебап бригада құрылды» деді облыс басшысы.

Сондай-ақ, Архимед Мұхамбетов облыста карантиннің сақталуына бақылау күшейтілгенін атап өтті. Облыстағы мониторинг топтарының саны 44-тен 91-ге дейін көбейді. Осы жылдың 1-30 шілде аралығында мониторинг топтары 2099 меншік нысанын тексерді. 118 заңбұзушы анықталып, хаттама толтырылды. Полиция қызметкерлері локдаун режимін бұзған 1680 адамға ескерту жасады.

 

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *