Қостанай қаласының әкімі отставкаға кете ме?

Қостанай қаласының әкімі орынбасары үшін отставкаға кетуі мүмкін. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бегайдаров айтқан еді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.

Оның айтуынша, Қостанай облыстық Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қостанай қаласы әкімдігінің Жер қатынастары бөлімінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастаған. Олар жер телімінің нақты бағасы 37 084 336 теңге бола тұра, 4 524 607 теңгеге дейін арзандатылған бағаға ауданы 1,8804 гектар жер учаскесін жалға алу құқығын сату бойынша заңсыз аукцион өткізген. Осылайша, мемлекетке келтірілген шығын 32 107 268 теңгені құрап отыр.

23 шілдеде Қостанай қаласы әкімінің өкімімен әкімнің теріс қылықтары үшін тергеуге алынған орынбасары Андрей Финк қызметінен босатылды. Егер оның кінәсі сотта дәлелденетін болса, онда 10 күнтізбелік күннің ішінде қала әкімі Қайрат Ахметов отставкаға өтініш беруі тиіс, — деді Данияр Бегайдаров.

 

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...