Арқалықта үйдің 5-қабатынан 5 жасар қыз бала құлап кетті деп хабарлайды tobyl-torgai.kz облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Оқиға 31 тамыз күні болды. Сағат 13:30 шамасында Арқалық қаласында Маясов көшесіндегі тұрғын үйдің бесінші қабатынан 2015 жылы туған қыз құлап кетті. Ол терезеге шығып, москит торын ұстап тұрған. Бұл уақытта баланың ата-анасы көрші бөлмеде жүрген. Алған жарақаты салдарынан бала қалалық аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды» деп хабарлады ТЖД.
Сондай-ақ дәл осы күні Жітіқара қаласындағы шағын аудандардың бірінде 6-қабаттан 2007 жылы туған жасөспірім құлап кеткен. Ол түрлі дене жарақатымен қалалық ауруханаға жатқызылды.