Биыл 170 есірткі қылмысының жолы кесілді — облыс әкімі

Бүгін Қостанай облысы әкімдігінде құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі комиссияның отырысы өтіп, онда алкогольдік және есірткілік масаң күйде жасалған қылмыстардың алдын алу мәселелері қаралды. Бұл туралы облыс әкімі Архимед Мұхамбетов instagram парақшасында жазды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.  
«Құқық бұзушылықтың алдын алуға ерекше назар аударылады, Қылмыстық және Әкімшілік кодекске, сондай-ақ Халық денсаулығы туралы кодекске түзетулер енгізу туралы бірқатар заңға қол қойылды, онда қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін адамдардың жауапкершілігі едәуір күшейтілді.
Алкоголизм мен нашақорлықтың алдын алу басым бағыттардың бірі болып табылады және құқық бұзушылықтың алдын алудың 2020-2022 жылдарға арналған Кешенді жоспарын іске асырудағы индикатормен белгіленген. Ағымдағы жылы осы жоспарды іске асыру аясында 170 есірткі қылмысының жолы кесілді», — деді аймақ басшысы.
Жалпы, қабылданған шаралар ауыр және аса ауыр қылмыстардың өсуіне жол бермей, тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтардың жалпы төмендеуіне қол жеткізуге мүмкіндік берген.
«Қылмыстың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыс бізге оң нәтиже береді. Комиссия отырысының қорытындысы бойынша мас күйінде жасалатын қылмыстардың алдын алу бойынша жұмысты күшейтуді тапсырдым» деп жазды облыс әкімі.

 

 

Мынаны да қараңыз

Құмар Ақсақалов ертең Федоров ауданына жұмыс сапарымен барады

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Федоров ауданына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Сапар барысында ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *