Қостанай облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Бүгін Қостанай облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды. Есімова Бақыт Амангелдіқызын ұжымға Архимед Мұхамбетов таныстырды. Бұл туралы өңір басшысы өзінің инстаграм парақшасында жазды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.  

Бақыт Есімова Марат Жүндібаевтың орнына ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметінен ауысқан. Екі жоғары білімі бар.
«Бақыт Есімованың мектеп жылдарында Арқалық қаласында тұрып, оқығанын атап өтемін.
Бақыт Есімова ішкі саясат, мемлекеттік тіл саясаты, этносаралық сала, балалардың мектепке дейінгі, жалпы білім беретін мекемелерде, бастауыш және орта кәсіби білім беретін оқу орындарында білім беру қызметін ұсыну, мәдениет, дін, демография, жастар саясаты, шекара маңындағы ынтымақтастық мәселелеріне жетекшілік ететін болады» деген Архимед Бегежанұлы су жаңа орынбасарына қызметте табыс тіледі.

Бақыт Есімова 1984 жылы 29 қаңтарда Павлодар облысы Баянауыл ауданы Майқайың ауылында дүниеге келген. Санкт-Петербург мемлекеттік инженерлік-экономикалық университетін және Калифорния университетін (АҚШ) бітірген.

Айта кетейік, бұған дейін облыс әкімінің орынбасары болған Марат Жүндібаев ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметіне ауысқан.

 

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *